АРАГОН Луи

АРАГОН Луи (3.10.1887, Париж — 10.6.1982, сонда) — француз жазушысы. Лицейде, кейін Париж медициналық институтында оқыған (1915). Бірінші Дүниежүзілік соғысқа қатысқан (1917). 20-жылдары дадаизм, сюрреализм ықпалында болды. Алғашқы өлеңдерінде өзі өмір сүрген қоғамды сынап, оны өзгертуді армандады. Шығармалары 1917 жылдан жариялана бастады. “Фейерверк” (1920), “Ура, Орал!” (1934), “Жүректегі қанжар” (1934), “Эльзаның жанары” (1942), “Паноптикум” (1943), “Француз шапағы” (1945) өлең жинақтары, көптеген поэмалары “Қызыл майдан”, “Аяқталмаған роман”, “Эльзаға”, “Ақындар”, “Эльзаның Мәжнүні”,“Париж шаруасы” (1926), “Нақты әлем” романдар топтамасы (1-6 т., 1949 — 51), “Шынымен күйреу” (1958), “Бланш немесе Ұмыту” (1967), “Театр-роман” т.б. романдары, сондай-ақ, көптеген әңгімелер, публицистік шығармалар жинағы жарық көрген.

Жазушының эстет. позициясы “Нақты дүние” романдар топтамасынан айқын көрініс тапты. “Кеңес әдебиеті” кітабында (1955) Абай, М.Әуезов, С.Мұқанов сияқты қазақ ақын-жазушыларының шығармашылығына жоғары баға берді. Соның ішінде, М.Әуезовтің “Абай”романын 20 ғасырдың ең үздік туындыларының бірі деп таныды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *