АРАБ КҮНТІЗБЕСІ

АРАБ КҮНТІЗБЕСІ (Һижра күнтізбесі , ай һижрасы) — Мұсылман әлемінде қолданылатын Ай фазаларының өзгерістеріне негізделген күнтізбе. “Жәһилия” заманында, яғни исламнан бұрын Арабияда 24 жылдық жыл санау есебі қолданылды.

15 жыл 12 айдан, 9 жыл 13 айдан есептелді. Қосылатын артық ай “нәси” деп аталды. Абыздар оны орынды да, орынсыз да қосып, күнтізбені шатастыра бергендіктен Мұхаммед  нәсиды есептен мүлдем шығарып тастады. Содан бері араб елінде жыл 12 синодтық айдан құралады. Ол 354 не 355 күн. Ислам діні шыққаннан бері арабтардың қолданылатын жыл санау жүйесі — “Тарих әл-һижра”. “һижра” — “ауып бару” деген мағынаны береді. Ислам күнтізбесі һижрадан, яғни Аллаһ Елшісінің Меккеден Мединеге жер аударған күнінен басталады. Һижра есебін пайғамбарымыз Мұхаммед  дүниеден өткен уақытанан кейін 5 жыл өткенде, 637 жылы халиф Омар ибн әл-Хаттаб р.а. (634 — 644) жасаған. Нақты жылдан 11 күн кем болғандықтан, Ислам күнтізбесіндегі жылдың басы жылжи береді. һижраның Күн қозғалысына қатысы жоқ. Ол тек Айға негізделген. Жерлері ыстық және шөлді болғандықтан Араб елдері күндіз демалып, түнгі салқында Айдың жарығымен жұмыс жасайды. Ислам күнтізбесінің шығуының басты себебі де осы.[

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *