Ағылшын тіліндегі рай категориясы
Ағылшын тіліндегі рай категориясы классификациясының көп түрлілігімен байланысты бұл категория біршама қиындықтар туғызады.
Тіпті ағылшын тіліндегі рай формаларының саны да, тілші ғалымдардың арасында дау туғызады. Тілші ғалымдар рай категориясының 2-ден бастап,
16-ға дейін рай формаларын атап көрсетеді. Тілші ғалымдардың ағылшын тіліндегі рай категориясының саны жөніндегі пікірлерінің сәйкес келмеуі біршама мәселелермен байланысты.
Біріншіден, көптеген ғалымдар «Рай» терминін түрліше түсініп келіп, түрліше көзқарастан зерттеп, рай категориясының санының классификациясын жасағанда мағынасына көңіл бөлмей, тек формаларының құрылымын ескереді, сонымен бірге олардың мағынасы қандай тәсілдермен берілетіні жөніндегі мәселені ескермейді.
Екіншіден, рай категориясы формаларының жүйесінде омонимдық формалар бар, сондықтан да бұл да, рай категориясын зерттеуде біршама қиыншылықтар туғызады.
Үшіншіден, рай категориясын зерттеу барысында рай категориясының аналитикалық формаларын модальдылықты лексикалық жолмен білдіретін еркін сөз тіркестерінен айыру қиын болып табылады.
Рай категориясын модальдылықты білдіретін грамматикалық категория ретінде тану керек, басқаша сөзбен айтқанда рай категориясы-бұл сөздің белгілі формаларымен берілетін модальдылық.
Ағылшын тілінде рай категориясы көп жылдар бойы тілші ғалымдар арасында үлкен дау туғызып, көптеген анықтамаларға ие болды және қазірдің өзінде бұл категория жайлы белгілі бір шешімге келуі мүмкін емес сияқты.
Каушанская В.Л. Пікірі бойынша «Рай категориясы-ол істің орындалу орндалмауының шындық қатынасынан сөйлеушінің қатынасын білдіретін категория».
Хаймович Б.С. және Роговская Б.И. рай категориясы деп сөйлеуші тарапынан шындыққа етістік арқылы қатынасты білдіретін етістіктің грамматикалық категориясын атайды [95].
Гордон Е.М және Крылова Л.П рай категориясы шындық пен етістік арқылы берілетін іс-әрект арасындағы қатынасты көрсетеді деп санайды [96].
Ильиш Б.А., Винокурова Л.П., Жигадло В.Н., Иванова И.П. және Йофик Л.Л. ағылшын тілінде 3 түрлі рай түрлерін атап көрсетеді, Олар: Indicative (Ашық рай), Imperative (Бұйрық рай) және Subjunctive mood (Шартты рай).
Ильиш Б.А. ойынша Subjunctive mood шартты райдың екі формасында да көрсетіледі [97].
Бархударов Л.С. және Штеллинг Д.А. тек Indicative (Ашық рай) және Subjunctive mood (Шартты райды) атайды және шартты райдың Subjunctive I Subjunctive II түрлері бар деп атап көрсетеді.
Воронцова Г.Н. рай категориясының 4 түрін атап көрсетеді. Олар: Indicative (Ашық рай), Desirable (Қалау рай),Speculative және Suppositional(Болжалды) райлар
Каушанская В.Л. және Ковнер Р.Л. 3 түрлі рай түрлерін атап көрсетеді, Олар: Indicative (Ашық рай), Imperative (Бұйрық рай) және Subjunctive mood (Шартты рай) [94,122]
Ағылшын тіліндегі рай категориясының формалары жайлы да бірдей көзқарас жоқ. Осылайша Смирнитский А.И., Ахманова О.С., Ганшина М. және Василевская Н. Ағылшын тіліндегі райладың 6 түрін атап көрсетеді. Олар; ашық, бұйрық, шартты, болжамды, Subjunctive I,Subjunctive II.
Ильиш Б.А., Винакурова Л.П., Жигадло В.Н., Иванова И.П. және Йофик Л.Л. райдың тек 3 түрін атайды.
Модальділік категориясын функционалды-семантикалық өрісте зерттегенде модальділік тілдің әр түрлі деңгейінде көрініс табатын граммтикалық мағыналардың жүйесі ретінде қарастырылады. Басқаша сөзбен айтқанда модальділік категориясы әр түрлі тілдік деңгейлерге жататын, морфологиялық, лексикалық, просодикалық, синтактикалық және т.б. осы сияқты тілдік бірліктердің комбинациялары арқылы жүзеге асырылады.
Беляева Е.И. пікірінше ағылшын тіліндегі модальділіктің функционалды-семантикалық категориясы макроөріс, өрістер және микроөрістер сияқты жүйелерді білдіреді. Ағылшын тіліндегі модальділік категориясының аясының обьектісінің бағасына байланысты 3 макропод бөлінеді. Олар: предикативті модальділік, тілек-қалау білдіретін модальділік және эпистемиялық модальділік және осылардың әрбіреуі өрістер мен микроөрістер қатарын қамтиды.
Негізінен ағылшын тілінде райдың үш түрін атап көрсетеді. Олар: Ашық рай (Indicative), бұйрық рай (Imperative) және шартты рай (Subjunctive).
Ашық рай. (Indicative Mood). Ашық рай істі реальді етіп, бұйрық рай істі орындауға бұйрықты білдірсе, ал шарртты рай ирреальді, қалайтын немесе шындыққа қарсылықты гипотетикалық істі білдіреді. Осы райлардың ішінде ашық рай арнайы формасы жоқ рай болып табылады. Ол барлық шақ формаларын қамти береді.Indifinite, Continuous, Perfectжәне Perfect Continuous шақ формаларында қолданып, активті және ырықсыз етісте де қолданылады. Ашық рай арқылы білдірілетін іс-әрекет реальді өткенде болған, қазірде болып жатқан және келешекте болатын мәнге ие. Сондықтан да Г.Суит оны fact mood деп атайды. Оның реальді модальді мағынасы тек реңк қана болып саналып, шартты рай мен бұйрық райға қарағанда модальділік мағынасы нөлге теңеледі. Модальділік категорияның көптеген тәсілдер мен жолдар арқылы берілетінінбілеміз, сондықтан да грамматикалық тәсіл арқылы берілетін модальділік реальділік немесе ирреальділік тарапынан қалып, немесе іс-әрекет мағынасында етістік формалары арқылы беріледі.
Мысалы, Dorian did not answer for a few moments.
Кеңес одағының ғалымы А.И.Смирнитский ағылшын тілінің төрт райы бар деген концепциясы кеңінен таралған. Ол шартты райды Subjunctive I, Subjunctive II деп бөледі.
Алдында айтып кеткендей шартты райды өз ішіне бөлу классификациясы дұрыс нәтиже бермегендіктен, барлық іс-әрекеттердің гипотетикалық мағынасын шартты рай деп қарастырған жөн. Осы көзқарасты жақтайтын ғаламдардың қатарына Б.А. Ильиш, В.Н. Жигадло, И.П. Иванова, Л.Л.Иофик, Б.С. Хаймович және Б.И. Роговская.
Бұйрық рай. (Imperative mood)
Бұйрық рай іс-әрекетті орындауға өтініш немесе бұйрықты білдіреді. Бұйрық райдағы сөйлем сұраулы бола алмайды және бұйрықты сөйлем арнайы интонациямен айтылады. Мысалы Go to bed! Don’t worry about it!
Егер бұйрық рай одағай сөзбен бірге қолданылып, арнайы интонациямен айтылса, онда бұйрық райдың модальді реңкі одан анық байқалады.
Шартты рай. (Subjunctive mood)
Шартты рай деп ағылшын тілінде ирреальді немесе гипотетикалық істі білдіреді. Гипотетикалық деп біз қалайтын немесе шартты, керекті, мүмкін немесе шындыққа қарсылықты деп түсіндіреміз. Осыған орай ағылшын грамматистері шартты райдың бірнеше түрін атап көрсетеді. Осы райға қатысты негізгі мәселелердің бірі оның құру формасы болып табылады. Кейде бұл формаларды Present Subjunctive және Past Subjunctive болып бөлінеді. Алайда осы көзқарас қате болып саналады. Өйткені Present Subjunctive және Past Subjunctive формалары модальділігі жағынан ажыратылады.
Шартты рай құрмалас реальді емес іс-әрекетті білдіру үшін шартты сөйлемдерде қолданылады. Шартты сөйлемдердің үш түрі бар. Олар: келер шаққа, осы шаққа және өткен шаққа қатысты сөйлемдер. Сонымен бірге шартты сөйлемдердің аралас түрлері де кездеседі.
If Dorian’s life were spoiled, no one would be sorrier than yourself . (Осы шақ)
Осындағы If Dorian’s life were spoiled бағыныңқы сөйлем, ал no one would be sorrier than yourself басыңқы сөйлем болп табылады .
But if you had any sense of decency, Lester Kane, you would never let your sister be trapped into coming into a place like this. (Өткен шақ) .
Осындағы you would never let your sister be trapped into coming into a place like this басыңқы сөйлем, ал if you had any sense of decency бағыныңқы сөйлем болып табылады.
“If one hears bad music, it’s one’s duty to drawn it into conversation” .
“If you try to look at it, Basil, on my word of honour I will never speak to you again as long as I live.
“I shall show it to you if you come with me.”.
If she could only say to him that she was not satisfied with the way she was living, and then leave.
Шартты райдың формаларын құрғанда аналитикалық және синтетикалық формалары қолданылады. Шартты райдың аналитикалық формалары should,would, may, might, shall көмекші етістіктері және инфинитив арқылы жасалады. Шартты райдың синтетикалық формасыPresent Subjunctive немесе PastSubjunctive формаларындағы етістіктерден жасалады. Іс-әрекеттің шартын білдіретін шылыуларға if, in case, provided, suppose, unless жатады.
Егер мақсатты бағыныңқы сөйлем lest қолданылса, онда барлық жақтар үшін де should көмекші етістігі қолданылады. Lest cөзі болмас үшін деген мағынаны білдіреді.
Сонымен қатар шартты рай көну мағынасындағы басқа да құрмалас сабақтас сөйлемдерде қолданылады. Мысалы олар though, although, however, no matter, whatever, whoever шылаулары арқылы құралады.
Шартты рай шартты subject clause деп аталатын бағыныңқы сөйлемнің тағы бір түрінде қолданылады. Мысалы it is was necessary, it is was important, it is was right, it is was requested,it is was recommended, I is was obligatory, it is was better, it is was desirable, it is was of vital importance, that he should come.
Шартты рай шартты object clause деп аталатын бағыныңқы сөйлемнің тағы бір түрінде қолданылады. Басыңқы сөйлемнің баяндауышы to wish етістігі арқылы берілсе және басыңқы сөйлемдегі іс бағыныңқы сөйлемдегі іспен бір мезетте орындалса онда Past Indefinite шағының to be формасы қолданылады. Ал егер бағыныңқы сөйлемдегі іс-әрекет бұрын болған іс-әрекетті білдірсе, онда Past Perfect шағы қолданылады