Шет тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы

Шет тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы. Шет тілін оқытудағы көрнекілік және аударма әдісі
Мақсаты:
• Әдістеменің негізгі мәселелері
• Әдістеменің педагогика ғылымымен байланысы
• Әдістеменің лингвистика ғылымымен байланысы
• Әдістеменің психология ғылымымен байланысы
Негізгі сұрақтар мен тапсырмалар:
Шет тілін оқыту әдістемесі – шет тілін оқыту орындарында оқыту үшін қолданылатын, ғылыми негізделген теория.
Әдістеменің негізгі мәселелері мыналар:
1. Шет тілін оқытудың мақсаттары
2. Шет тілін оқытудың мазмұны
3. Шет тілін оқытудың әдістері мен тәсілдері
4. Әдістеменің басқа ғылым салаларымен байланысы
5. Оқыту құралдары
6. Әдістеменің негізгі қағидалары
Әдістеме педагогика ғылымымен, психология, лингвистка ғылымдарымен тығыз байланысты.
Педагогика – жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу жөніндегі ғылым. Педагогика ғылымында оқыту және оның әдістері негізгі қағида болып табылады. Шет тілін оқытуды үйрену үйрену үшін педагогиканы білу шарт. Педагогиканың бір саласы дидактика деп аталады. Дидактика мектепте оқытудың негізгі жолдарын зерттейді.
Әдістер – дидактиктердің айтуы бойынша, белгілі бір тақырыпты оқытудың жолдары.
Шет тілін оқыту, математиканы, тарихты оқыту әдістемелері сияқты дидактиканың негізгі қағидаларын қолданады және оны байытады.
Мысалы: «көрсету» принципі тұңғыш рет шет тілін әдістемесінде қолданылды.
Қазір ол дидактиканың негізгі принциптерінің біріне айналды және басқа да пәндерді оқытуда қолданылады.
Шет тілін оқыту дегеніміз – оқушыларда, тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу дағдысымен біліктілік қалыптастыру. Егер біз дағды мен біліктіліктің психологиялық мәнін түсінбесек, онда біз оларды қалыптастыра алмаймыз.
Шет тілін оқытуда психологяиның негізгі қағидаларын сөйлеу әрекетіне байланыстыра отырып пайдалану қажет.
Көрнекті психолог Н.И.Жинкин сөйлеу әрекетін зерттейә келіп, сөздер мен оларды мидың кинетикалық орталығы арқылы жүзеге асатының айтты. Мұғалім оқушыны тілге үйрету барысында, тыңдау мен сөйлеудің бар мүмкіндіктерін жасау керек. Екінші тілде сөйлеу дегеніміз – жаңа таңбалы білім алудың жаңа жолдарын игеру деген сөз. Осы жаңа жолды жасау тілді үйренуде маңызды орын алады.
Шет тілін үйренуде оқушының есте сақтау қабілетінің маңызы зор. Соңдықтан, мұғалім жаңа тақырыпты есте сақтау, есте ұзақ сақтау жолдарын білу керек. Есте сақтау қабілетінде ерікті, еріксіз болады. Бұл проблеманы зерттеген ғалым П.К.Зинченко еріксіз есте сақтау қабілеті бір нәрсені қайталап жаттағанда емес, керісінше осы нәрсе туралы белгілі бір қиындықтарды, мәселелерді талдағанда ғана іске қосылатының айтады. Ол үшін мынадай тәжірибе енгізілген. «А» тобындағы студенттерге жаттауға сөздер тізімі берілген. Ал «Б» тобындағы студенттерге сөздер берілмей, оларға ағылшын тілінде мәтін берілген және сөздермен жұмыстың түрлері мен сұрақтары берілген. Келесі сабақта екі топ студенттері бақылау жұмысын жазған, эксперимент «Б» тобы студенттерінің сөздері есте жақсы сақталғаның көрсетті.
Психология ғылымы әдістемеге көп көмек көрсетеді. Шет тілін үйренуде ана тілінің орны мен оның шет тілін үйрену кездеріндегі қызметі, әр түрлі дағды мен біліктілік түрлерінің сәйкес келуі, жаңа тақырыпқа арналған әдістер мен тәсілдерді таңдай білу, т.б. психология ғылымының негіздерін білу қажет.
Әдістеме ғылымы жүйке жүйесі физиологиясы ғылымымен де байланысты. Атақты орыс ғалымы Павловтың айтуынша адамның жоғары жүйке жүйесінің қызметі-сөйлеу және ойлау, жүйке жүйесінің ерекше қызметі. Бұл қызмет түрі тк адамда ғана дамыған. Павловтың тероиясы бойынша, дабылдар адамның сезу мүшелері арқылы келіп түседі. Адамның әрекетінің бір түрі – сөйлеу әрекеті.
Әдістеме ғылымы линвистика ғылымымен тығыз байланысты, себебі лингвистиканың негізгі проблемалары тіл мен ойлау, грамматика мен сөздік т.б. әдістемеге де қатысты бар.
Әдістемеде лингвистика ғылымының оқу материалын іріктеудегі зерттеулері негізге алынады. Көптеген атақты лингвистер лингвистика теориясын ғана зерттеп қана қоймай, оларды тілді оқытуда қалай пайдалану керек екендігін де зерттеген.
Шет тілің оқыту әдістемесінің басқа ғылымдар сияқты зерттеу мәселелері бар:
1. Шет тілін өз елімізде, шет елдерде оқыту жолдары
2. Әр түрлі мектептерде алдңғы қатарлы мұғалімдердің тәжірибесін зерттеу және қолдану
3. Тәжірибелер арқылы жаңа әдістемелік тақырыптар енгізу.
Соңғы кезде тәжірибе жасау әдіскерлер арасында кең тараған. Шет тілін оқыту әдістемесінде зерттеу қажет ететін проблема көп. Жаңа оқыту материалдары мен технологиясы жаңа идеяларды, шешімдерді, әдіс-тәсілдерді қажет етеді.
Оқу шет тілінде оқытылған мектептерде ағылшын пәнінің білімдік, тәрбиелік мақсаттары басқа пәндермен байланысты жүргізіледі.
Пән аралық байланыс 2 бағытта іске асырылады.
1. Шет тілінің орыс тілі және қазақ тілі грамматикасымен ұқсас жақтары және айырмашылықтары түсіндіріледі.
2. Оқушыларға тарихқа, жағрафияға, әдебиетке, еңбеккке қатысты мағлұматтары бар мәтіндер ағылшын тілінде беріліп оқытылады.
Осының нәтижесінде сабақта оқушылар аталған пәндерге қатысты материалдарды ағылшын тілінде сапалы түрде ұғып, сөздерді қатесіз айтуға, сауатты жазуға үйренеді.
Ағылшын пәні басқа өзге пәндермен тығыз байланысты, сондықтан мұғалім өзара байланыстыра өткізуге қолайлы тақырыптарды алдын-ала іріктеп, анықтап алады. Өйткені 2-ші тілді үйретуде жүргізілетін сөйлеу әрекеті тіл пәнің басқа пәндермен байланыстыруда үлкен қызмет атқарады.
Пәндердің бір-бірімен байланысы төмендегідей ағылшын тілі, ағылшын әдебиеті пәні мен мәтіндер арқылы байланыстырылады. Мұнда сабақ сайын өткізілетін көркем тілмен жазылған оқу материалдары (әңгіме, ертегі, мақал-мәтел т.б.) оқушының лексикалық сөздік қорларын молайтып, тілдің грамматикалық құрылымын жетілдіреді, байланыстырып сөйлеуге дағдыландырады.
Көркем шығармалар мазмұныңдағы ұлттық дәстүр, салт-сана, тәлім-тәрбиені сипаттайтын материалдарды ағылшын тілі сабақтарында дидактикалық материал ретінде пайдаланылады. Ағылшын тілі, қазақ тілі және орыс тілі пәндері тығыз байланысты бірлікте өткізіледі.
Ағылшын тілінің дыбыстық жүйесі мен орыс тілінің дыбыстық жүйесі, септік жалғауларының кейбір ұқсастықтары да айтылады. Сондай-ақ, оқушы өзінің үйренген сөздерін ағылшынша айтып, сөздік қорын байытып, тіл байлығын арттырады, ауызша сөйлеу тілі дамиды, тілдік білімі жетіледі,оқығаның, түсінгенің ағылшынша айту дағдысы қалыптасады.
Ағылшын тілі мен дүниетану пәндері арасында адам мен қоршаған орта, табиғат, өсімдіктер, жануарлар, аңдар, туған ауыл еңбектері, мамандық, халықтар достығы туралы әңгімелер, ертегі, мақал, жұмбақ, жаңылтпаш ағылшын тілінде оқылып, түсінбегендерін ағылшынша айтатын болады.
Ағылшын тілі мен математика пәні бойынша математикалық ұғымдар мен есептеуге байланысты сөздерді үйрету арқылы оқушының сөздік қоры молаяды. Мысалы: сандарды ағылшынша білу, қосу, көбейту, алу сан есімнің түрлеріне байланысты сөз тіркестерін, сөйлемдерді ағылшынша айтып дағдыланады.
Ағылшын тілі мен бейнелеу өнері арасындағы байланыс арқылы табиғат, ұлттық өнер бояулары, өрнек, сәндік бұйымдарын айтуға қолданылатын сөз және сөз тіркестері оқушының сөздік қорын молайтып, байланыстырып сөйлеуге дағдыландырады. Әсіресе, көп көңіл бөлетін жайт – ағылшын тілінде айтылатын сөдерге екпінді дұрыс түсіріп айту, адамдардың көңіл күйін, қуанышын, ренішін білдіретін сөздерді дұрыс дауыс ырғағымен айта білу.
Ағылшын тілі мен еңбек пәні арасындағы байланыс бұйымдардың көркемдігін, қажеттілігін, пайдасын, тиімділігін ағылшынша жеткізе білуден, ұлттық еңбек түрлері: ыдыс-аяқ, тағам әзірлеу киім тігу, т.б. байланысты сөздерге жасағаннан туындайды. Білім берудегі негізгі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, іскер, өзіндік ой-толғауы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жанды қалыптастыру болып табылады. Әр тілді оқытуды жүйелеу, жинақтау, танымдық қарым-қатынас жасау сияқты үш түрлі қызметі болады.
Осындай функциялар негізінде оқу процессінде білім мазмұнының тұжырымдамсы жасалынады. Тұжырымдамада тәрбие процессін байыта түсудің, жаңартудың, жетілдірудің мақсаты мен келешектегі даму жолдары анықталып, болжамдар жасалынады.
Атап айтқанда, оқу процессін жаңартудың негізгі ұстанымдарын дамыту, демократияландыру, реалистік шектеу саясаты интеграциялау жатады. Оқу-тәрбиесін жетілдіре түсудің мақсаты мен келешегін ғылыми анықтайтын, болжайтын иделар мен қағиданың ғылыми негізі жинақталады.
Бұл тұжырымдарды жалпы лингвистика, психология, лингводидактика, педагогика әдістемелік зерттеу жұмыстары, жалпы білім беретін мектептердегі басқа да тіл пәнінің идеялары басшылыққа алынады. Мақсаты –шет тілің оқыту арқылы өнегелік және эстетикалық жағынан жан-жақты дамыған, саяси-идеялық жағынан сенімді еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Бүгінгі оқыту процессінде қатынастық бағыт беру арқылы жалпы дүниеге деген көзқарасын қалыптастыру бірінші орында тұр. Осындай мақсаттармен қатар қазіргі кезде шет тілін жаңа әдістемелермен, ұстанымдармен оқыту қажеттілігі туып отыр. Қай тілдің болмасын механизімін үйрену үшін мынадай екі жағдайды ескерген жөн:
1. Сол тілдің жүйесі қалай құрылғаның
2. Ол тәжірибелік жағынан қалай меңгерілуі керек.?
Демек, қазақ тілінің құрылысы сияқты қатынастық тәсілде ұйымдастыру тиімді деп айтуға болады. Шет тілін оқытуда оқу материалдық тұжырымдаманы негізге алу тілдік материалды беруде және оны талдауда оның қызметтік жағын ескеру, білімнің базалық жылжымалы құрамдарын анықтау, оқыту әдістемесі мен тәрбиені интеллектуалды пайдалы және өнімді еңбекпен ұштастыру маңызды.
А.С.Выготский «Мектепте оқуға даярлау балалардың алған білім, дағды, біліктерінің ауқымынан зор ақыл-ой үрдістерінің сапасына көбірек тәуелді болады. Сондықтан мұндай сапаға қол жеткізудің аса маңызды жақтарының бірі – балалардың бойында таңымды тудыратын тәсілді қалыптастыру болып табылады», — дейді. Бұл жерде оқушының алдына таңымдық міндеттерді қойып, оның белсенділігін арттыруға бола ма? – деген сұрақ туындайды.
Осы жөнінде К.Д.Ушинский оқушылардың бойында бақылағыштық, танымдық, танымдылық қасиеттерді дамыту үшін көрнекі оқытуды талдау негізінде олар үшін жаңа кейіпкерлер тудыратын, өзіңе таныс заттардың жаңа жақтарын ашатын оқу материалдары мен көрнекі құралды неғұрлым көбірек пайдалануға кеңес береді.
Өйткені, олар бір жағынан оқушылардың ой-өрісін, ауызекі сөйлеу тілін, жазу дағдысын, айналасындағы өмір туралы түсінігін кеңейтеді және оқушының білім деңгейіне сай болғандықтан нәтижелі болады, ал үлгерімі төмен оқушылар ескерусіз қалып қоймай, олардың теориялық білім мен дағдыларын дамытуға әсер етеді.
Көрнекі құралдарды оқушылардың оқу үрдісіндегі рөліне қарай. М.Махмұтов екі топқа бөледі:
1. Заттың бейнелік көрнекі құралы (картиналар, фотосуреттер, диапозитивті суреттер, кино үзінділері, табиғи нысандар, т.б.);
2. Таңбалы көрнекі құралдар (сызбалық көлемді модельдер, сызбалар, картиналар т.б.).
В.Занков: «Оқушыларға затты және оның қасиеттерін көрсету бұл – сөзбен көрнекі бейненің оқушының бойында тиісті дәрежесінде қабысуына қол жеткізу деген сөз емес. Егер оқушы құбылыстың қасиетін өзі айыра алса және оған сөзбен өзі сипаттама берсе, онда оның бойында белгілі бір нысан туралы түсінік қалыптасады және қасиеттердің сөздік белгілері нақты образдармен байланысқа түседі», — деп тұжырымдайды.
Оқушылардың бақылауын ұйымдастырудың негізгі әдістемелік ережелері мен тәсілдерін профессор Т.Сабыров былай көрсетеді:
1. Мұғалім оқушылардың бақылауын ұйымдастыру үшін ең алдымен бақылаудың мақсатын, байқайтын нәрселердің мөлшерін немесе көлемін анықтап, жоспарын жасайды.
2. Бақылауда мүмкіндігінше оқушылардың барлық сезім мүшелерін қалыптастыру арқылы нәрселердің неғұрлым көп және әртүрлі қасиеттерін жан-жақты байытқан жөн.
3. Мұғалім бақылау кезінде оқушылардың сараптама мен синтез жасап, нәрселердің негізгі қасиеттерін айыру, топтастыру сияқты ойлау амалдарын қолданып, қорытынды шығаруына басшылық ете білуі қажет.
4. Бақылау кезінде мұғалім өз сөздеріне жұмыс істеуінің арасында дұрыс байланыс болуын қамтамасыз етіп, олардың өздігінен бақылау қабілетін мейлінше дамыту мақсатын көздеуі керек.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Әдебиеттер:
Рогова Г.В., Верещагина М. «Методика обучения английскому языку» М.,
«Просвещение» 2000

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *