Әлеуметтік макролингвистика.Әлеуметтік өзгерістердің тіл тарихына әсері

Әлеуметтік макролингвистика.Әлеуметтік өзгерістердің тіл тарихына әсері

Қазіргі заман әлеуметтік лингвистиканың негізін салушы американ ғалымы Уильям Лабов әлеуметтік лингвистика » Әлеуметтік контекстідегі тілді » зерттейтін ғылым деген анықтама береді. Бұны былай түсіндіруге болады: әлеуметтік лингвисттер тілге емес, тілді халықтар қалай қолданады, соған назар аударады.Тіл – қоғамдық құбылыс. Тілсіз қоғам жоқ, қоғамсыз тіл жоқ. Сондықтан қоғам алғашқы даму кезеңінен бастап лингвистерді тіл мен қоғамның байланыс мәселелері қызықтырады.Кез келген тіл сол қоғам арқылы табылған білімді жинақтау, сақтау құралы болып есептеледі. Қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық, мәдени өзгешіліктер тілдің әр түрлі қабаттарына әсерін тигізбей қоймайды.Әдеби өнделген кез келген тіл формасы, оның қолдану формалары қарым – қатынас сферасына үлкен әсер етеді, сол тілде сөйлеушілердің мәдени деңгейінің өсуіне себеп болады, диалектикалық айырмашылықтардың жойылуына әкеп соғады. Тілде пайда болған жаңа сөздер мен сөз тіркестері, сөздердің жаңа мағынасы адамдарға қоршаған ортаны тереңірек сезінуге, өз ойын нақты білдіруге көмек береді.Сондықтан тіл мен қоғамның бір- бірімен тығыз байланысу проблемасы әр түрлі лингвистикалық бағытттың және лингвистердің қызығын туғызады.Қызығушылық деңгейі әр түрлі уақыт кезеңдерде біркелкі болмайды. Тек теориялық тіл білімі пайда болғаннан кейін ғана ғалымдар бұл мәселеге көбірек көңіл бөле бастады.Әлеуметттік лингвистика әдістері мен тәсілдері актив және пассив әдістер болып екіге бөлінеді. Актив әдістерге тест, сауалнама, интервью жатады.
Сауалнама — зерттеу міндеттері мен мақсаттарына байланысты сауалдар. Оларға респондит ауызша не жазбаша жауап беруі керек. Сауалнама 3 бөлімнен тұрады:
А) кіріспе бөлім – сұрақтар мақсатын түсіндіру және анонимдік деңгейін көрсету
Б) негізгі бөлім – нөмірленген сұрақтар тізіміВ) қорытынды бөлім – респонденттер туралы демографиялық — әлеуметтік мәселелер, олардың ойы және тілектері.
Сауалнамаға қойылтын талаптар:шындықққа сәйкестілік, валидтілік,нақтылық
Интервью – зерттеуші мен информанттың тікелей қатынасында қолданылады.
1) Әлеуметтік лингвистикалық мәлімет алу үшін эксперимент жүргізушінің информанттардың белсенді сөйлеу әрекетін туғызу мақсатымен коммуникативтік процеске араласуына жағдай жасауымен байланысты. Эксперимент жүргізуші тестілеуде:- орынды өзі таңдайды
— информанттарды жынысына, жасына, мамандығына, біліміне қарай топтастырады
— тақырып сұрақтарынсұрыптайды Актив әдістердің кемшілігі уақытттың үнемделмеуі мен керекті құралдардың көптігі жатады
2) Пассив әдіс:- жазбаша құралдар арқылы тексерумен байланысты
— почта арқылы сауалнама сұрақтарады жіберіліп сұрыпталады
Бұл әдістің артықшылығы – уақыт үнемдеу және информанттардың үлкен топтары қамтылады; кемшілігі- информантттардың тікелей қатынастың болмауы
Әлеуметтік лингвистика сипаты көп векторлы:мемлекеттегі тілдік жағдаятты байланыстыра зерттеу,ұлттық тілдердің өмір сүру формаларын зерттеу,әр түрлі әлеуметтік топ өкілдерінің жас, этникалық ерекшеліктеріне, мамандығына, біліміне қарай белгілі бір тілді қолдануын зерттеу,
мемлекеттік және ресми тілдер проблемасын, орта және жоғары білім беруде қолданылуы және т.б. мәселелерді талдау,морфологиялық және генетикалық классификацияға қосымша әлем тілдері функцияналды классификация арқылы талдау. «Тіл және ұлт» мәселесін әлеуметттік лингвистика ұлттық тіл категориясымен байланыстыра зерттейді. Әлеуметтік лингвистиканың ең маңызды ұғымдарының бірі – тілдік жағдаят, бір тілдің немесе бір территориялық — әлеуметтік ортада қызмет ететін тілдер тобының белгілі бір аймақ, болмаса саяси — әкімшілік құрылым шегінде өмір сүру формасының жиынтығы.Әлеуметтік лингвистика ұғымдарының қатарына тілдік қауымдастық, тілдік жағдаят, әлеуметтік – коммуникативті жүйе, билингвизм, диглоссия, тілдік саясат жатады. Сонымен қатар кеғйбір ұғымдар жалпы тіл білімнің басқа салаларынан енген тілдік норма, сөйлеу әрекеті, тілдік акт, тілдік қарым – қатынас, тіпті әлеуметтанудан, әлеуметтік психологиядан, қоғамның әлеуметтік құрылысы, әлеуметтік статус, әлеуметтік рөль, әлеу меттік фактор жатады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *