АРАБ—ИЗРАИЛЬ СОҒЫСТАРЫ — Израиль мен араб елдері арасында, негізінен, 1948 — 49, 1956, 1967, 1973 және 1982 жылдары болған ірі әскери жанжалдар.
1947 ж. 29 карашада БҰҰ Бас Ассамблеясы Палестина терр-нда араб және еврей мемл-терін құру жөнінде шешім қабылдаған күні арабтар мен еврейлер арасында алғашқы кақтығыс өтті. Ол кезде (1947) Палестинада 1,2 млн. араб, 650 мың еврей болды. Палестинадан ағылшын әскерлері әкетілгеннен кейін Израиль мемл-нің құрылғандығы жария етілді (14.5.1948). Оның шекарасы әлі анықталмай тұрып, ертесінде-ақ еврейлер мен арабтар арасында бірінші соғысқа жол ашқан қарулы шайқастар басталп кетті. Израильдің астыртын қарулы күштері арабтар тұратын мекендерге шабуыл жасап, аса қатыгездікпен жүздеген адамдарды қырып салды. Египет, Трансиордания, Ирак, Сирия және Ливан әскерлері еврейлерге тиесілі емес оңт. және шығыс Палестинадағы жерлерді басып алды. Израильдықтар Иерусалимге апаратын басты жолға және Египет — Палестина шекарасы бойына бақылау орнатты (1949). БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі миссиясының соғысты тоқтату жөніндегі әрекеттері нәтиже бермеді, еврей террористері БҰҰ-ның уәкілі граф Фольк Бернадотты қастандықпен өлтірді. 1949 жылдың ақпан — шілде айларында араб елдері мен Израиль бірнеше бітім келісімдеріне қол қойды. Ол құжаттар бойынша Израильдің уақытша шекарасы анықталып, Газа Египеттің бақылауында қалды, Трансиордания Иордан өз-нің батыс жағалауындағы жерлердің бір бөлігін қосып алып, Иордания аталды. Иерусалим қ-н араб және еврей аймақтарына бөлу жөніндегі БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімі (29.11.1947) құпталды. Соғыс нәтижесінде Палестина арабтары Израиль басып алған жерлердегі ата қоныстарын тастап кете бас- тады.
50-жылдардың орта кезінде Египет пен батыс елдері арасындағы қатынас шиеленісе түсті. АҚШ Египетке қысым көрсетпек болып, Асуан бөгетін салуға қаржылай көмек беруден бас тартты. Оған жауап ретінде Египет президенті Абдель Насер Суэц каналын мемл. меншігі деп жариялады. Осыдан кейін Лоңдонда жиналған 22 мемл-тің бас қосуында Суэц каналының бұрынғы халықар. статусын қалпына келтіру және каналды бірлесіп басқару жөнінде шешім қабылданды. Насер бұл ұсынысты орындаудан бас тартқаннан кейін Израиль, Ұлыбритания мен Франция оны өкімет билігінен күшпен тайдыруға әрекеттенді. 29 қазанда Израиль әскерлері Египеттің Синай түбегіндегі бекіністеріне шабуыл жасады. Соғысқа Израиль жағында Ұлыбритания мен Франция араласты. 31 қазанда ағылшын- француз Қарулы Күштері Египет жерін бомбалады. 5 қарашада ағылшын-француз әскерлері Порт-Саид маңына шоғырландырылды. Бірақ Суэц каналы мәселесін әскери жолмен шешудің мүмкін еместігі БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысында айқын көрінді (1956). Франция мен Ұлыбритания өз әскерлерін алып кетуге мәжбүр болды. Желтоқсанда Израиль әскерлері басып алған жерлерден әкетілді.
Арабтар мен Израиль арасындағы қақтығыстар 1967 ж. жаңа соғыс өртіне ұласты. Ол тарихқа “алты күндік соғыс” деген атпен енді. 1967 жылдың 5— 11 маусымында Израиль көптеген араб қыстақтарын қырғынға ұшыратып, Египет, Сирия және Иорданияның 1,5 млн. тұрғыны бар 66642 км2 жерін, Иерусалимнің шығыс бөлігін басып алды. Араб елдері АҚШ пен Ұлыбританияға мұнай шығаруды тоқтатып, Суэц каналын жапты. КСРО Израильмен дипломат. қатынастарын үзді. Араб елдері басшыларының Хартумдағы (1967 ж., тамыз—қыркүйек) кездесуі, БҰҰ Бас Ассамблеясының төтенше сессиясы (1967 ж. шілде) Израильдің Қарулы Күштерінің уақытша бітім шебінен сөзсіз әкетілуін талап етті. Израильдің басып алған жерлерді босатпауы, мұнайдың үлкен саясат құралына айналуы арабтар мен еврейлер арасындағы қарым-қатынасты күрделілендіре түсті. Мұнай өндіруші жеті араб елі Израильге жақтасқаны үшін АҚШ пен Голландияға мұнай шығаруға эмбарго жариялап, 1 баррель (159 л.) мұнай бағасын бұрынғыдан 70%-ке көтерді. Египет пен Сирия өз әскерлерін КСРО көмегімен қайта жарақтандырды, Израиль АҚШ-тан қару-жарақ алды. 1973 ж. 6 — 25 қазанда болған үшінші соғыста Египет әскерлері Суэц каналынан өтіп, сириялықтар Голан биігінде жеңіске жетті. Алайда қарсы шабуыл барысында Израиль әскерлері Египет майдан шебін бұзып өтіп, сириялықтарды Дамаскіден 30 км кейін шегіндірді. 25 қазанда КСРО мен АҚШ-тың араласуы нәтижесінде Египет, Сирия, Израиль арасында бітімге қол қойылды, оның орындалуына бақылау жасау БҰҰ күштеріне тапсырылды. Египет 1967 жылғы соғыста айырылып қалған Синай түбегін Египеттің жаңа президенті Ануар Саадаттың Израильмен жасаған Кэмп-Дэвид келісіміиарты нәтижесінде ғана қайтарып алды (1982). Израиль әскерлері Синай түбегінен әкетілген соң еврейлер мен палестиналық арабтар арасындағы жанжал- қақтығыстар қайта өрбіді. 1982 жылдың маусым айында Израиль тікұшақтары Бейрутты және Палестина азаттық ұйымының базалары орналасқан оңт. Ливанды бомбалады. 14 маусымда Израильдің мұздай қаруланған жаяу әскерлері Ливан жеріне басып кіріп, Бейрутті қоршауға алды. Бұл соғыста да Израиль әскерлері Ливаннан халықар. күштердің талап етуімен шығарылды (1985 ж., маусым). Мұнан кейін де (1987 ж. 9 желтоқсанда, т.б.) Израиль басып алған жерлерде бірнеше қанды оқиғалар болып өтті. Израиль езгісіне қарсы халықтың жаппай бой көтеруі (“интифада”) өрістеді.