1. ХХ-ғасырдың 1-жартысында жүйелік-құрылымдық тіл білімінің пайда болуы. 2. Ф.де Соссюр тіл мен сөйлеудің қарама-қарсылығы туралы.
3. Синтагматика мен парадигматиканың ерекшеліктері.
4. Ф.де Соссюр тілдің таңбалық сипаты туралы. 5. Ф.де Соссюр – структурализмнің негізін салушы.
Фердинанд де Соссюр — Швейцария тіл ғалымы, Париж, кейін Женева университеттерінің профессоры. Жоғары білімді Лейпциг университетінен алған. Оны әдетте, тіл білімінде социологиялық мектептің негізін салушы деп санайды. Бірақ оның ғылыми мұраларын бір ғана ағым, бір ғана мектеп я көзқарас шеңберінде қарауға болмайды. Оның теориялық өрісі өте кең, әрі жан-жақты. Ол өзінің еңбектері арқылы тіл ғылымы дамуының жаңа дәуірін ашқан, қазіргі заман тіл білімі дамуының ең басты проблемаларын айқындап, оған бағыт-бағдар сілтеген, жан-жақты ойланылған біртұтас жүйелі лингвистикалық концепция жасаған адам. Ғалымның көптеген теориялық тұхырымдары бірсыпыра елдердегі лингвистикалық ой-пікірлер дамуына күні-бүгінге дейін күшті әсерін тигізуде.
Ғалымның тіл біліміне қосқан үлесін, көтерген проблемалары мен өзіндік концепцияларын танытатын еңбегі-«Жалпы лингвистикалық курс» деген еңбегі. Бұл еңбек ғалым қайтыс болғаннан кейін 1916-жылы басылып шықты.
Кітап көп ұзамай-ақ Еуропа халықтарының бірнеше тіліне аударылып, тіл білімінде үлкен қозғалыс , қызу айтыс туғызды. Мұнда көтерілген жеке проблемалар жөніндегі пікірталастары күні бүгінге дейін саябырлаған жоқ.
1977-жылы ғалымның еңбектері «Труды по языкознанию» деген атпен 2-рет орыс тілінде жарияланды.
Фердинаид де Соссюрдың атын бүкіл дүниежүзіне жайған, лингвистика әлемінде оны даңққа бөлеген бұл еңбегі кіріспеден және бес бөлімнен құралған. Оның 1-бөлімі «Жалпы принциптер », 2-бөлімі «Синхрондық лингвистика», 3-бөлімі « Диахрондық лингвистика», 4-бөлімі «Географиялық лингвистика»,5-бөлімі «Ретроспективтік лингвистика мәселелері» деп аталады. Әр бөлім өз ішінен бірнеше тарауларға бөлінеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Фердинаид де Соссюрдың іліміне көзқарасыңыз қандай?
2. Синтагматика дегеніміз не?
3. Фердинаид де Соссюрдың «Труды по языкознанию» еңбегінде қандай мәселелер көтерілген?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қордабаев . Т. Жалпы тіл білімі. Алматы, 1999.
2. Қалиев .Б. Жалпы тіл білімі . Алматы, 2000.
3. Хасенов. Ә. Тіл білімі. Алматы, 1996.
4. Общее языкознание. Внутренняя структура языка. М,1972.