Қазақ тіл білімінің салалары және олардың өзара байланысы

«Қазақ тіл білімінің салалары және олардың өзара байланысы»
Тіл білімі лингвистика (грек linqua-тіл), тіл жөне онын даму заңдары
туралы ғылым. Тіл білімінің зерттеу нысанасы -тіл. Тіл — адамның табиғи
тілі.Тіл-таңбалар жүйесі.Тіл — қоғамның ең маңызды байланыс құралы.Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және грамматикалык құрылысы болады.

Қазақ тілі білімі — қазақ тілін зерттейтін ғылым саласы. Жалпы түркологиядағы сияқты қазақ тілі білімінде де ерте заманнан бері сөз болып келе жатқан бірнеше салалар бар. Олардың қатарына тілдің де, ол туралы ғылымның да негізіне жататын фонетика, лексикология, грамматика деп аталатын салалар жатады. Бұл үшеуінің әрқайсысы өз ішінен әртүрлі тарау-тармақтарға жіктеледі.
Фонетика — тіл дыбыстарының ерекшеліктері мен зандылықтары, процестер,
сәйкестіктер туралы ілім. Қазіргі фонетика дыбыстың төрт қырын жеке
қарастырады, олар: қызметтік, артикуляциялық, акустикалық, перцептивті қырлары. Фонетика анатомия, физика, психология, физиология пәндерімен байланысты болады. Қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтарын А.Байтұрсынов,Х.Досмұхамедов, Ғ.Мұсабаев, Ж.Аралбаева, Ә.Жүнісбеков, С.Мырзабеков және т.б. зерттеді. Фонеманы зерттейтін ілім — фонология деп аталады.
Лексикологияның зерттеу нысаны-сөздік құрам, яғни лексика. Лексика
болмысты бейнелейді, қоғам мен тұрмыстағы өзгерістерге байланысты болатын жаңа затқа, кұбылысқа, ұғымға қатысты үнемі толықтырылып отырады.Лексикологияда зеріттеудің жалпы лингвистикалық тәсілдері қолданылады, олар: дистрибутивті тәсіл, субституция, компоненті-оппозитинті: трансформациялық тәсіл. Сапалық тәсілдермен бірге сандық-статистикалық тәсілдерде қолданылады. Лексикологияның салалары: ономасиология, семасиология, этимология, фразеология, лексикография.
Грамматика-тілдің құрылысын зерттейтін тіл білімінің саласы.
Грамматиканың негізгі зерттеу нысаны — тілдің морфологиялық және
синтаксистік жүйесі; оның ішінде грамматикалық форма, грамматикалық мағына,грамматикалық категория, бір тілдегі грамматикалық формалардың керіну амалдары мен сол арқылы айтылмақшы маңыналардың берілу тәсілдері, олардың байланысуы, тіркесу жолдары мен тәсілдері. Түрлері: тарихи және сипаттамалы.

Тіл білімінің ғылым жүйесінде алатын орны ерекше. Себебі кез келген
ғылым тіл арқылы түсіндіріледі, тіл арқылы игеріледі. Ғылым атаулы екіге
бөлінеді: қоғамдық (әлеуметтік) ғылымдар және жаратылыстану ғылымдары. Тіл білімі қоғамдық (әлеуметтік) ғылым. Тіл білімі — дербес ғылым. Ол әр түрлі қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарымен де қарым-қатынаста, өзара байланыста болады.
Тіл білімі — тарих, археология, этнография, әдебиеттану, психология,
педагогика, логика, философиямен байланысты.
Тіл білімі жаратылыстану ғылымдары: физиология, физика, математика,
география, кибернетикамен байланысты.
Тіл білімінің әр түрлі ғылым салаларымен байланысынан туындайтын түрлері:
• социолингвистика (әлеуметтік лингвистика)
• этнолингвистика,
• психолингвистика,
• лингвостатистикалық, лингвистикалық философия,
• логикалық грамматика,
• қолданбалы лингвистика,
• лингвистикалық география,
• когнитивтік лингвистика,
• лигвомәдениеттану,
• интерлингвистика және т.б.

Тіл білімінің теориялык мәні — тіл ғылыми тұрғыда зерттелінеді, соның
нәтижесінде тілдің табиғаты, оның даму зандылықтары айқындалады, ондағы тілдік категориялар сараланады. Ол категориялар мен заңдардың бір-бірімен байланысы, өзара қарым қатынасы анықталады.Сөйтіп, белгілі бір тіл туралы қорытындылар, топшылаулар, жасалады. Сол қорытындылар мен топшылаулардың негізін оқулықтар жазылып, сөздіктер күрастырылады. Міне, тілдің теориялық жағы дегеніміз осы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *