Менің іздегенім осы еді

Менің іздегенім осы еді


Менің жұбайым Майклге, Роберт Кийосакидің «Ақша ағымы»
атты тақырыпта жазылған жаңа үйрету ойынының ұнағаны
соншалықты, біз екеуімізде осы үлгінің сынақтан өтуіне ат салыстық.
Бұл іске жергілікті университеттің бірінші курсында оқитын 19 жасар
қызымды шақырдым. Ол келуге келісімін берді. Сынаққа 15-ке жуық
адам қатынасты, оларды үш топқа бөлдік.


Майклдікі дұрыс еді. Маған нақ осындай оқыту жүйесі қажет.
Шындығында, сынақ барысында біз күтпеген аңғармаған көптеген
жағдайлардың барлығын көрдік. Әсем безендірілген ойын тақтасы
алдымызда тұрды. Ол «Монополий» атты ойын алаңын еске түсірді,
бірақ мында тақтаның орта кезінде әсем әшекейленген егеу
құйрықтың суреті бейнеленген. «Монополий» атты ойыннан
айырмашылығы, мұнда екі жол бар: ішкі және сыртқы ойынның
мақсаты: ішкі жолдан (онымен козғалуды Роберт «Егеу құйрыктың
жүгірісі» деп атайды) «шапшаңды» сыртқы жолға шығу болып
табылады. Роберттің пайымдауы бойынша «шапшаңды жол»
байлардың өмірдегі нақтылы жағдайларда табыс табу тәсілдерінің
үлгілерін көрсетеді. «Егеу құйрық жүгірісіне» Роберт мынандай
сипаттама береді: Егерде Сіз сауатты жане жұмысты көп істейтін
қарапайым адамның өміріне үңілсеңіз ,көптеген заңдылықтарды
байқайсыз. Мысалы, дүниеге бала келеді, содан кейін ол мектепке
барады. Әке-шешесі қуанышты себебі: ол жақсы бағалар алады,
колледжге оқуға түседі. Колледжден кейін мүмкін ол институт немесе
асперантура бітіреді, одан әрі оның өмірінің келешегі қалай
«жоспарланғаны» бойынша тұрақты жұмыс істейді.
Ол оны табады мүмкін дәрігер, заңгер болар, әскерге немесе
мемлекеттік қызметке барады. Ол табыс таба бастайды, кредиттік
карточкалар алады, сөйтіп сатып алу мүмкіншілігі туады. Балада ақша
пайда болса, әрине, ол алдымен өзі теңдес,өзімен қатар жастардың
әртүрлі ойын сауықтарына қатынасады. Олармен кездеседі, танысады
аяғы үйлену тойымен аяқталады. Қазір ерлермен қатар әйелдерде
жұмыс істейді, екі табыс бұл тамаша!

Жас жұбайлар өз өмірлері мен жетістіктеріне қуанышты
келешектері ашықта және айқын. Олар үй, машина, телевизор сатып
алуды, теңізге барып демалуды, балалы болуға шешім қабылдайды.
Олары жүзеге де асырылады.
Бірақ, ақша көп және одан да көп қажеттілікті талап етеді. Жас
жұбайлар бұл үшін көп жұмыс істеулері керек екенін көріп, бұдан да
екпінді жұмыс атқаруға тырысып, қызмет бабында жоғары көтеріліп
және үлкен жалақы алуға тырысады. Еңбек ақылары көтеріледі, бірақ
балалары дүниеге келеді, енді оларға үлкен және кең үй қажет болады.
Жұбайлар одан сайын көп жұмыстар атқарып, сөйтіп тәжірибелі
кадрларға айналады. Олар жаңа мамандық игеріп, оданда зор табыс
табу мақсатында жаңадан оқуға түседі. Олар тіптен екі жұмыста
істейді. Табыстары өседі, ал сонымен қатар табыс салығы және де
қозғалмайтын мүліктің олардың жаңа үйінің салығы да өседі,
зейнетақы қорының жарнасы артады т.с және т.б сияқты.

Олар үлкен еңбекақы алады, бірақ ақшаларының қайда кетіп
жатқандарына қайран қалады. Содан кейін олар өзара қордың
акцияларын емденеді және кредит карточкаларына бакалей
тауарларын сатып алады. Балалары 5-6 жасқа келеді, енді оларды
оқыту және өздерінің зейнетақылары үшін қаражат жинау қажеттілігі
туады. Сөйтіп, 35 жыл бұрын өмірге келген бұл бақытты жандар, енді
өмірлерінің қалтаң уақытында «егеуқұйрық жүгірісінің»тікелей
қатынасушылары болады. Аяғында олар компанияларға, мемлекетке
(оған салық төлеп) және алған кредиттері мен қарыздарын өтеу үшін
банкке қызмет етеді.

Осындай жағдайдан кейін де өз балаларына ұқыптап
оқыңдар,жақсы баға алыңдар,содан кейін жақсы жұмыс немесе жақсы
орын табыңдар»-деп ақыл-кеңес береді.Олар осылай ақша жөнінде
ештеңе де білмейді.
Сөйтіп,өмір бақи жұмыс істеді.Олардың орнына, осындай жұмыс
істеуші ұрпақ келеді, сөйтіп тарих қайталана береді.Міне,»егеуқұйрық
жүгірісі» деген осы,- деді Роберт. «Шапшаң жолға» шығудың жалғыз
тәсілі- нақтылы іс барысында, өзіңізді бухгалтерлік істің және
инвестициялаудың (қаржы салу) білгірі екеніңізді дәлелдеу қажет. Ал
бұған үйренуің күрделі сабақтардың бірі болып саналады.
Мені, дипломды әрі тәжірибелі бухгалтер- ревизор ретінде таң
қалдырғаны, Роберттің осы сабақтарды талдауды әрі зерттеуді өте
тартымды және қызғылықты ұйымдастырғаны болды.Оқудың
қызғылықты ұйымдастырылғаны соншалық, қанша уақыт өткені
ұмтылып, біз «егеуқұйрық жүгірісі» жолынан қалай шығудың ретін
бар ынта-жігерімізбен ойлап, тырысу үстінде, өзіміздің оқушылар
екенімізді тез ұмытып кетіппіз.


Үйрету ойынын келесі сынағы ретінде, менің кызыммен
сөйлескен қызғылықты әңгіме болды. Біз бұрынды-соңды ешуақытта
мән беріп, қарамаған мәселелер бойынша пікірлестік.

Маған қаржы есептерінің негізінде білім алған бухгалтер ретінде,
бұл ойынға ойнау жеңіл еді, сондықтан қызыма және біздің үстелдегі
басқа да ойыншыларға белгісіз жағдайларды түсіндіруге менде уақыт
жеткілікті болды.
Мен бірінші (және «сынақшылар» ішінде жалғыз ) сол күні
«шапшаң жолға» шыққан адам болдым. Ойын үш сағатқа жуық
созылса да, мен 50 минутта аяқтап шықтым.
Біздің үстелде банкир, компания иесі және компьютер
программисі отырды. Мені, осындай адамдар үшін өте қажетті
бухгалтерия және инвестициялар жөнінде аз білетіндіктері қатты
ойландырды.
Менің таң калғаным: сонда бұлар нақтылы жағдайларда өздерінің
қаржы жұмыстарын жүргізеді? Менің 19 жасар қызым үшін бұл
қағидалар қаншалықты қиын екенін түсіне алам, ал одан екі есе үлкен
егде адамдар үшін ше?
«Егеуқұйрық жүгірісі» жолынан шыққаннан кейін, мен екі сағат
бойы кызымның және өздері сауатты, әрі жаңа байып келе жатқан
адамдардың, ойын сүйегін қалай тастап және фишканы қалай
қозғайтындықтарын қарап отырдым.

Әрине, ойын барысында олар біраз жаңалықтарды білді, ол
тамаша, бірақ екіншісі, сол ересек адамдардың бухгалтерия мен
инвестицияның әліппесін білмеушіліктері еді.

Табыс және шығыс жөніндегі есептердің, сондай-ақ баланс
есебінің бір-бірімен байланыстылығын үлкен қиыншылықпен
аңғарды. Олар активтерді сатып алып және сата отырып, әрбір мәмле
(сделка) оларға ай сайын қанша пайда табуларына ықпал ететіндігін,
қиыншылықпен естеріне түсіреді. Сонда менің ойыма келгені,
қаншама миллиондаған адамдар өмір бойы қаржы тапшылығымен
күресүде болады. Оның басты себебі: бұған оларды ешкімде үйретіп
оқытпаған еді.
Құдайға шүкір, мынау ойын үстел басындағыларды қайткен де
жеңіп шығушылыққа ынталандырып отыр.
Роберт ойынды аяқтағаннан кейін, бізге оның қортындысын
талқылауға 15 минут уақыт берді.
Компания иегеріне ойын ұнамады, ол өте қынжылулы
-Маған мұның қажеті канша?- деді ол қатты дауыспен ашуланып.
Мен бұларды білу үшін бухгалтерлерді,заңгерлерді және банкирлерді
аламын,- деді.
Оған Роберт былай деп жауап берді:

-Ал сіз сол бухгалтерлердің арасында көп кедей адамдардың бар
екенін аңғардыңызба? Сол сияқты банкирлер заңгерлер және
брокерлер арасында да көп кедейлер аз емес,- деді. Олар көп біледі
және олардың дені ақылды, білімді адамдар, бірақ көпшілігі бай емес,
баю тәжірбиелері жоқ.
Себебі: біздің мектептерде, бай адамдардың нені білетіндіктері
жөнінде оқытпайды, сондықтан нақтылы жағдайларда олардың
кеңестеріне құлақ салып үйренген жөн.
Бірде, сіз жұмысқа бара жатып, авто көліктер тосқынына тап
боласыз, оңға карап, солардың ішінде сіздің бухгалтеріңіздің бар
екенін көресіз. Сіз солға қарайсыз тағыда бухгалтеріңізді көресіз. Бұл
Сізге бірдеңені аңғарта ма?
Компьютер программисі, ол да ойынды құптамады.
-Мен мұндай оқыту бағдарламасын сатып алуға мүмкіншілігім
бар,- деді. Бірақ, банкир онымен келіспеді.

-Мен бұның бәрін өткенмен, мен бухгалтерияны айтам,- деді ол,
бірақ оны тәжірибеде пайдалана алмадым. Енді мұны қалай істеу
керек екендігін түсіндім. Мен «егеуқұйрық жүгірісі» жолынан
сытылып шығуға міндеттімін,- деді ол.
Бәрінен бұрын қызымның сөзі мені таң қалдырды. Маған ойын өте
қызықты болды,- деді ол. Мен ақшаның шындығында қалай жұмыс
істейтіндіктері және оны қалай салу керектігі туралы көп жағдайларды
түсіндім.
Тағы қосып айтқаны:

-Енді мен өзіме мамандықты жалақысы мен жеңілдіктерінің
көптігінен емес, солардың ішінен өзіме қажеттісін ғана таңдап алуды
білемін. Менің класстас құрбыларым сияқты, келешектегі жұмыс,
зейнетақы туралы ойлар мазаландырмайтын болады.

Бұл жолы Робертпен ойын соңында сөйлесуге менде мүмкіншілік
болмады, бірақ біз келесі жолы кездесуге уәделестік.

Мен, Роберттің осы ойын арқылы адамдардың қаржы туралы ой-
өрістерін кеңейтуге үйрету екенін түсіндім, сондықтан оның жоспары
туралы көбірек білгім келді.

Келесі аптада біз күйеуіміз екеуіміз, Роберт және оның әйелімен
бірге түстендік. Мұндай жағдайда біздер бірінші рет кездессек те,
бұрыннан ерте таныс адамдардай сезіндік. Әңгіме барысында
көптеген жағдайлар бойынша ортақ пікірлес екендігіміз анықталады.

Біз көп мәселелер бойынша пікір алыстық, соның ішінде: спорт,
театр, білім беру саласы және әлеуметтік экономикалық жағдайлар
туралы әңгімелестік. Сонымен қатар, әлемдегі болып жатқан
өзгерістер, американдықтардын көпшілігінде қартайғанда өмір сүру
үшін, қажетті ақшалай жинақтарының жоқтығы, ал зейнетақы қоры
мен денсаулық сақтау жүйелерінің дәрменсіз жағдайлары туралы
пікірлесіп, әңгімелестік. Сонда, менің балаларыма, мен сияқты 75
миллион қатарларым үшін, зейнетақы төлеуге тура келе ме? деген ой
келді. Біз, халыктың зейнетақы қорына сенушілігі- қауіпті жағдай
екенін түсіне ме екен?, -деп әңгіме қылдық.

Робертті ең алдымен Америкада және барлық әлемде байлар мен
кедейлердің арасындығы болып жатқан арақашықтықтың үнемі өсуі
қатты толғандырады екен. Бұл кәсіпкер ақшаны оңтайлы салып,
пайдалану арқылы барлығына өз қолын өзі жеткізіп, бүкіл жер-шарын
аралап, 47 жасында жұмыс істеуді тоқтатқан кісі.

Бірақ, ол қазір жұмыспен тағыда айналыса бастады. Оның басты
себебі: мен сияқты, өз балаларының келешегі түралы халықтың
арасында үлкен алаңдаушылық бар екенін сезінуі еді, Ол әлем
өзгергенін, ал оқу жүйесінің ескі қалыпта қалғанын біледі.

Роберттің сөзі бойынша, балалар жылдар бойы ескілікті
мектептерде қажеті жоқ сабақтарды оқи отырып сөйтіп әлдеқашан
ескірген, әрі дүниеде жоқ, ортада өмір сүруге дайындала бастайды.
Қазіргі кезеңде балаға “Мектепке бар, жақсы бағалар ал және тұрақты
жұмыс іздеңдер” деушілік, ақыл кеңестің ең қауіпті түрі, дегенді жиі
айтады Роберт.

Бұл ескі кеңес- әрі ең жаманы. Егер Сіз Азияда, Европада,
Оңтүстік Америкада не болып жатқанын білсеңіз, онда менен кем
алаңдамаған болар едіңіз. Бұл нашар кеңес, себебі: егерде Сіз
балаңызды қаржы соққыларынан қорғағыңыз келсе, онда ескі тәсілдер
мен ережелерді пайдаланбау керек. Ол өте қауіпті, деп есептейді
Роберт.
Оның «ескі ережелер» дегенінде не астар бар екенін білгім келді.
Мен сияқты адамдар. Сіз ойнайтын ережелер бойынша
ойнамайды,- деп жауап берді ол.
Қайсы бір корпорация бір кезде штат кестесін қысқартса не
болады?
-Адамдарды жұмыстан босатады, -дедім мен. Отбасылар запа
шегеді. Жұмыссыздық көбейеді.


-Ия, ал корпорацияның өзімен не болады, әсіресе егер ол ашық
акционерлік компания болса?
-Штаттың қысқартылуы жарияланғанда, акциялардың құны
жалпы өседі, -деп жауап бердім мен. Егерде компания өзінің
өндірістік шығынын автоматтау немесе жұмыс күшін қысқарту
арқылы азайтса, ол нарыққа ұнайды.

-Бәрі дұрыс, -деді Роберт.
Ал акцияның бағасы өскенде, мен сияқты адамдар, яғни акция
ұстаушылар байи бастайды. Басқа ережелерді пайдалану керек
дегенде айтпағым: “Бағыныштылар ұтылады. Компания иелері және
инвесторлар ұтады,- деді ол.
Роберт жұмысшы мен жұмыс берушінің айырмашылықтарын
суреттей отырып, сонымен қатар, өз өмірін баскарушылықты білумен
немесе оны басқаруды біреуге тапсырудың айырмашылығының
қандай екенін айтып берді.

Бірақ, көптеген адамдарға неге бұлай болатындығын түсіну қиын,
-дедім мен. Олар мұны тек қана әділетсіздік, -дейді. Сондықтан да
балаға: «жақсы білім ал» деумен ғана шектелушілік- әбестік іс. Біздің
мектептердегі білім беру жүйесі. Сіздің балаларыңызды осындай
өмірге дайындап шығарады,- деп жобалаушылық ақымақтық.
Олардың әрқайсысына тағы бірдеңе қажет. Тіпті басқа білім керек
және осындай басқа ережелерді білу шарт.

Ақша ережелерінің байлар ойнайтын түрлері және халықтың
қалған 95 проценті ойнайтын қалыптасқан ережелері бар. Халықтың
осы 95 проценті, бұл ережелерге мектепте және үйінде үйренеді. Міне,
сондықтан балаға жақсы оқы және жақсы жұмыс іздеуге кеңес
берушілікпен ғана шектелушілік- қауіпті іс.

Алдағы кезеңде балаға кең көлемді білім керек, казіргі білім
жүйесі оны бере алмайды. Бір класста қанша компьютер бар, мемлекет
мектептерге қанша каржы бөледі, оның маған керегі канша? Өзі
білмейтін сабақтарды, мектеп балаға қалай оқытады?

Егер, Сіз өз ақшаңызды пайдаланудан қорықсаңыз және оны
білмесеңіз, мектеп бермеген білімді, ата-аналар өз балаларына калай
береді? Баланы бухгалтерлік іске калай үйретуге болады? Оған ол
қызықсыз болмай ма? Ал оған инвестиция жөнінде не айтуға болады?
Мен осыдан кейін балаларымды корықпай кимыл жасаңдар,- деп
айтудың орнына, ақылмен, оймен әрекет етіндер, -деп оқытуға бел
будым.
-Өзіңізбен әңгімелескен мәселелер бойынша, баланы ақшаны
және басқаларын білуге калай оқытуға болады? -деп, Роберттен
сұрадым.
-Өзің түсінбеген, білмегенді балаға үйретуде, ата-анаға жеңіл
болу үшін не істеуге болады?
-Бұл жөнінде мен кітап жаздым, -деп жауап берді ол.

-Ол кітап қайда?

-Менің компьютерімде. Бөлшек тараулар бойынша, бірнеше
жылдан бері сонда жатыр. Кей уақытта бірдеңелерді қосамын, бірақ
бүтіндеп жинақтап бір кітап қылып шығаруға қолым тимеді. Бұл
кітапты жазуды, ең алдымен менің бестселлер болған кітабым
шықаннан кейін ғана бастадым, дегенмен ақыры аяқтай алмадым. Сол
жинақталмаған күйінде жатыр.

Оныкі шындық еді. Алайда, бұл кітаптың жинақталмаған
тарауларын оқып шығып, оның пайдалы екенін түсініп, біздің аумалы-
төкпелі заманымызда басқа адамдарды да таныстырып, бөлісу керек, —
деп шештім. Сөйтіп, бұл кітаптың қос авторының бірі, мен болуым
жөнінде, Робертпен келістік.

Оның ойы бойынша, балаға қаржы туралы қандай білім қажет? —
деп сұрадым мен. Ол баланың өзіне байланысты.
Роберттің, өзі туралы айтқаны: бала кезінен бай болғысы келген
және бақытына орай, ондай бай адам кездескен, ол екінші әке ретінде,
үлкен ынтамен оны оқытуға кіріскен.

Роберттің тағы қосып айтқаны, күнделікті өмірде адамдармен
және қаржылық қарым-қатнастыққа үйренудің маңыздылығы,
мектептегі білімнен кем емес.
Ал, енді осыдан әрі қарай Роберттің екі әкесінің тарихы туралы
оқисыз: бай және кедей, сонымен қатар өз өмірі бойынша барлық
білетіндеріне қалай қол жеткізді, не оқыды, неменеге үйренді, солар
жөнінде де мағлұмат аласыздар.

Екі әкенің арасындағы айырмашьшық аса маңызды.

Ақыры, бұл кітапқа толықтырулар енгізіп, біртұтас жинақтап
және редакциялаған мен едім.
Егер, сіз бухгалтер болсаңыз, кітап негізінде алған біліміңіз
бойынша, пікір таластыруға асықпаңыз. Роберттің теориясын
қабылдауға тырысыңыз. Әрине, ол көп жағдайларда жалпы
қалыптасқан бухгалтерлік негіздердің біраз қағидаларын күмәнді
қылып көрсетеді, дегенмен нағыз инвесторлардың, өз шешімдерін
қалай талдайтыны жөнінде құнды мағлұматтарды қамтиды.
Біз, өз балаларымызға “мектепке бар, жақсы оқы және жақсы
жұмыс табу керек”, деген кеңестерімізді көпшілік жағдайда
қалыптасқан дағды бойынша айтамыз. Бұл қашанда солай болған.
Роберттің әңгімесі мені таң қалдырды. Оны екі әкелер тәрбиелеп
және екі әртүрлі мақсатқа қол жеткізуге ынталандырған. Оқымысты
әкесі корпорацияда жұмыс істеу керек, -деп кеңес берген. Бай әкесі
корпорацияны иемден,- деп ақыл айтқан. Біріншісіне де, екіншісіне де
білім қажет, бірақ мүлдем әртүрлі дәріс алуға тура келеді.

Роберттің оқымысты әкесі оның ақылды адам болып өсуін
қолдаған. Бай әкесі, ақылды адамдарды қалай жалдап алуды білу
керек, -деп үйреткен. Роберттің туған әкесі Гавая штатының Білім
беру министрлігінің басшысы болған. Роберт 16 жасқа толғанда,
әкесінің «Егер сен жақсы оқымасаң, түбінде жақсы жұмыс таба
алмайсың», -деп қорқытуы оған ешқандай да әсер етпеген. Бала сол
уақыттың өзінде корпорацияда жұмыс істемейтінін, керісінше
корпорацияны иемденетін білген.
Роберттің өзі айтқандай, егерде оған бір дана, әрі табанды
мектеп мүғалімі кездеспегенде, ол колледжге де оқуға бармаған болар
еді. Ол бірден капитал жұмсаумен айналысқысы келеді, дегенмен
жоғары білім алудың қажеттілігін түсінеді.
Бұл кітапта келтірілген қағидалар мен тұжырымдар өте батыл
және қазіргі ата-аналардың көпшілігі үшін, бұрын естімеген және
білмеген жаңалық. Олардың кейбіреулеріне онсызда балаларын
мектепте ұстаушылық оңайға түсіп жүрген жоқ.
Бірақ, заман өзгеруде. Сондықтан, жаңа батыл ойлар мен
қимылдарға даяр болу керек. Балаларды келешекте біреулер үшін
жұмыс істеуге оқыту, үйрету- оларға ғұмыр бойы үлкен салықтар
төлеп, қартайғанда өте аз мөлшерде зейнетақы алып, өмір сүру үшін
берілген ақыл-кеңес, деп түсіну керек.
Шындығында, салықтар- біздің шығындарымыздың ең үлкен
баптары. Көптеген отбасылар салықтарды дер кезінде төлеу үшін,
қаңтардан бастап, мамырдың ортасына дейін тегін жұмыс істегенмен
пара- пар. Сондықтан, осы кітапта жазылғандай, жаңа ой-пікірлер
қажет.
Роберттің тұжырымдамасы бойынша, бай адам өз балаларын басқа
адамдардай оқытпайды. Ол сабақты отбасында, дастарқан үстінде
жүргізеді. Сіз, бұл ой- пікірлер туралы балаларыңызбен сейлеспеуіңіз
мүмкін, алайда осы кітапты оқып шыққаныңыз үшін, алғысымызды

айтамыз.
Менің, сізге берер кеңесім: ізденісті тоқтатпаңыз,

жалғастырыңыз. Менің әрі ана және бухгалтер ретінде айтарым:
түбінде жақсы жұмыс табу үшін, тек қана ұқыпты оқу керек, деген ой-
пікір ескірген.
Балаларға қазіргі заманның, жаңашыл бағыт-бағдарларын,ақыл-кеңестерін беру керек.

Мүмкін, мынандай пікір ойласуға тұрарлық болар: мысалы,
балаларымызға жақсы жұмыспен қатар, өздерінің инвестициялау
корпорациясын неге құрмасқа?

Мен, ана ретінде осы кітаптың, басқа ата-аналарға да көмегінің
тигенін қалар едім.
Ал Роберт, әр адамның өз қалауы және ынтасы бойынша бай
болуға мүмкіншілігі бар екенін, дәлелдеп беруге сенімі мол.
Бүгін Сіз мейлі, кім болсаңыз да, бағбансыз ба, әлде еден
сыпырушысыз ба немесе жұмыссызсыз ба оған қарамастан каржы
проблемаларын шешіп үйренуге, сіздің өз отбасыңызды және ағайын-
туғандарыңызды үйретуге мүмкіншілігіңіз бар.

Есіңізде болсын! Қаржылық тапқырлық- ақша қиындықтарын
ақылмен шешудің тікелей жолы. Қазіргі кезеңде әлемде адам баласы
түсіне де енбеген жаңа өзгерістермен кезігуде. Болашақты болжап
айту кімге де болса қиын шаруа, бірақ бір нәрсе айқын: бізді ғажайып
өзгерістер күтуде.
Бізге келешек не әкеледі?
Дегенмен, кандай жағдай болсада, бізде таңдап, қалап алушылық
бар: абайлап, ақырын әрекет ету, не болмаса өзіңнің және
балаларыңнын қаржы қаблеттіліктерін, айтар едім, даналығын ояту.


Шэрон Лектер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *