Кешірімділіктің жеңілдігі
Бір күні мұғалім оқушыларына ―Бір өмірлік экспериментке
қатысқыларың келеді ме?‖ деп сұрайды. Оқушылар келісімдерін береді.
―Ондай болса‖ деді мұғалім, ―осыдан кейін не айтсам да сөзімді алатын болыңдар‖. Оқушылар оған да келіседі. ―Ертең әр қайсысыңыз сабаққа бір қап пен 5 кг картоп ала келіңдер‖ деп эксперимент шартын айтады мұғалім.
Оқушылар картоптардың экспериментке қандай қатысы барын түсінбесе де, ертеңіне бәрі бір-бір қап пен 5 кг картоптан ала келеді. Мұғалім: ―Енді, бүгінге дейін қанша адам ренжіткен болсаңыз, сол адамның атын атап,
картоптың үстіне есімін жазыңыз да, картопты қапқа қойыңыз‖.
Оқушылардың кейбірі бір-екі картоп қойып жатса, кейбіреуінің қаптары толығымен картопқа толады. Оқушылардың ―Ал, енді не істейміз?‖
сұрақтарына былай дейді мұғалім: ―Бір апта бойы қайда барсаңыз да, осы қаптарыңызды тастамай қастарыңда алып жүресіңдер. Жатқан төсегіңізде, отырған автобусіңізде, сабақта партаның үстінде.. әрдайым қастарыңызда болсын қаптарыңыз‖.
Бір аптадан кейін мұғалім классқа кіреберістен оқушылар назаланып шағым етеді: ―Ағай, осыншалықты ауыр қапты үнемі қасымызда алып жүру өте қиын‖, ―Ағай, картоп шіри бастады. Жаман иістен адамдар жаман жаман қарайтын болды‖, ―Ағай, ішім пысты.. шаршадым!‖ Мұғалім балаларға
күлімдеп қарады да былай деді: ―Көріп тұрғандарыңдай, кешірімді болмай өзімізді қинаймыз, өзімізге зиян етеміз. Жүректерімізге ауыр жүк
көтерткіземіз. Біреуді кешірген кезде, ол адамға жақсылық жасағандай боламыз; алайда, біреуді кешіру – ең алдыменен өзімізге жасалған
жақсылық―.