Өмір сүрудің ең жақсы жолы
Кішкентай бір ауылда жас адам кішкентай магазин ашып өз ісін
бастаған екен. Адам ақпейілді, жақсы мінезді болғаны үшін сол ауылдың адамдарының бәрі оны жақсы көретін. Оның магазиніне барып сауда
жасайтын да, таныстарына да тек қана сол адамнан алуды кеңіс беретін. Ісің кішкентай дүкеннен бастаған адам бір жыл ішінде Американың түкпір- түкпіріне жайылған дүкендер тізгігінің иесі болады.
Бір күні ауыр науқастанып, бұл дүниеден көз жұмуына аз қалғанын сезеді де, үш ұлын қасына шақырып:
— Үшеуіңізден біреуі барлық дүкендерімнің иесі болады. Мирасымды оған қалдырамын. Қайсысыңыз оған лайықты екенін білу үшін әрқайсысыңызға бір доллардан беремін. Барып сол долларға бір нәрселер алыңдар. Кешкісін келіп алған нәрселерін менің осы бөлмемді толығымен толтыруы керек.
Шартым осы.
Ұлдары үлкен компанияны басқару мүмкіндігі алдында тиышсызданды. Қалаға барып үшеуі де долларларын жаратты. Кешкісін әкелерінің қасына қайта келген кезде, үлкен баласы:
— Досымның шаруашылығына барып екі қап сабан сатып алдым – деді да, қаптарды ашып сабанды әр тарапқа шаша бастады. Алайда көп ұзамай
сабандар еденге түсіп, бөлмені толтыра алмады. Екінші баласы:
— Магазинге барып екі жастық алдым – деді да, жастықтарды сөгіп, шіндегі жүнді бөлме ішінде шашып тастады. Бірақ жүн да көп ұзамай жерге түсіп, бөлмені толтыра алмады.
Үшінші ұлы:
— Долларды ұсақтап, 50 центін шіркеуге бердім, 20 центін қайырымдылық қорға бердім, 20 центін да садақа ретінде тараттым. Қалған 10 центке екі
нәрсе алдым – деді да, қалтасынан сіріңке мен шырағдан шығарды. Бөлменің жарығын сөндіріп, шырағданды жақты. Сабан мен жүнбен толмаған бөлме аз уақыт ішінде жарықпен толды.
Әке баласына риза болып:
— Мирасымды саған қалдырамын. Өйткені, өмір сүрудің ең жақсы жолын білесің – айналаңа жарық тарату!