Бір стакан сүт
Ховард кедей отбасынан болып, мектепке керек кітап-дәптерін алу үшін көшеде жүріп заттар сататын. Күндердің бірінде ешнәрсе сата алмапты, оған қоса қарны да ашыған. Бір үйдің есігін қағып, тамақ сұрауды шешті.
Бірақ, есікті ашқан жас әйелді көріп ұялды. Ұяла-бозара әйелден тамақ сұраудың орнына:
— Кещіріңіз, бір стакан сүтіңіз бар ма? – дей алды.
Жас әйел баланың аш болу ықтималын ойлап, оған үлкен стакан сүт әкелді. Бала сүтті асықпай, әр жұтымын сіңдіре ішіп болғаң соң:
— Көп рахмет! Сүт үшін қанша қарызбын? – деп сұрайды.
— Еш қарызыңыз жоқ! – деді күлімдеп жас әйел, – Анам көрсеткен жақсылық пен жасаған көмегін үшін ешқандай ақы дәметпеуімізді үйреткен болатын.
— Ондай болса, шынайы жүректен тағы да үлкен рахмет айтамын!
Ховард Келли сол үйден шыққан кезде, өзінің тойғанын ғана емес, рухани байығанын да сезді.
Көп жылдар өтті. Жас әйел сирек кездесетін бір аурумен науқастанады.
Жергілікті дәрігердер түк істей алмай, науқасты қаланың үлкен меркезіне жібереді.
Доктор Ховард Келли кеңес беру үшін шақырылған кезде, науқастың қай жақтан келгенін естіген кезде, науқасты өзі барып көргісі келеді. Бір
кездері оған сүт беріп, мейірім танытқан ійелді дереу таныды да, әйелдің жақсы болуына бар күшін салды.
Қиын операциядан кейін әйелдің денсаулығы жақсара түсті. Операция ақысы үшін чек жазылып, Доктор Келлидің мәмілесіне әкелінген кезде,
Доктор чектің үстіне бір нәрселерді жазды да, чекті науқасқа тапсыруға рұқсат етті. Жас әйел чек болған хатқалтаны қолға алған кезде, ол чекті
өмірінде төлей алмайтынынан сезіп хатқалтаны қорқып ашты. Хатқалта ішіндегі чекке жапсырылған жазбахатқа көзі ілінеді. ―Аурухана мен операция шығындары толығымен бір стакан сүт ақысына төленді‖