Күдіксіз иман

Күдіксіз иман
Намаздардың бәрін уақытысында оқып, ақ көңілді, Аллаһқа иманы кәміл кісі болыпты. Үйі өзеннің арғы, мешіт болса бергі жағында болғаны
үшін жаңағы адам күнде кемеге отырып барады екен. Намазды жамағатпен оқуға кешікпей бару үшін намаздан бірнеше сағат бұрын кемеге отыруы
керек екен, яғни кемемен бару көп уақытын алатын. Бір күні мешіттегі имам уағызында: ―Аллаһқа иманыңыз күшті болып, барлық істеріңізде Оған
сенетің болсаңыз – жағдай қандай болса болсын Аллаһ сізге көмектеседі..

―Бисмиллаһ‖ деген соң, суға кірсеңіз де батпайсыз.. судың үстінен жүріп кете бересіз‖ деп мысал келтіріпті.
Осыны естіген жаңағы адам ―Енді кемеге отырып уақытымды босқа жұмсамаймын! қандай жақсы болды ―Бисмиллаһ‖ деймін да өзіннің арғы жағына өте беремін! – деп қатты қуанады. Айтқаны мен істегені бір болды.
Мешіттен шыға салып өзіннің жағасына келіп ―Бисмиллаһ!‖ деді судың
үстімен жұре берді. Үйге ерте келгеніне әйелі де қуанады: ―Осындай жақсы нәрсені үйреткен имамды ертең шәйға шақырайық – алғысымызды білдірейік‖ депті.
Ертеңіне күйеуі мешіт имамын шәйға шақырып, намаздан кейін бірге баратын болып келіседі. Имам:
— Кемеге отырайық.., – дегенде адам таң қалады да,
— Қайдағы кеме?! Сіз өткенде ―Бисмиллаһ‖ де да судан өте бер демедіңіз ба? Мен ол күннен бері үнемі осылай жасап жүрмін, – дейді.
Имам естігендеріне сене алмай адамға қарап қалады. Кейін өзінен ұялып былай депті:
―менің де иманым сенің иманыңдай күдіксіз болғанда ғой.. сен сияқты Бисмиллаһ деп өте берер едім..‖

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *