Ол ғана керек
Бір кедей бала ханның қызына ғашық болады. Бірақ сезімдерін ашып айта алмай жүреді, өйткені бұл махаббаттың үмітсіз екенін түсінеді. Бір күні қалаға үлкен, атақты бір ғұламаның келгенін естіп, соның қасына жағдайын түсіндіріп, көмек сұрауға барады.
Ғұлама:
— Балам, қаланың шыға берісіне барып отыр да, кім не десе де тек қана
―Аллаһ‖ деп жауап бер – деп кеңес береді. Кедей бала солай жасайды.. Бірнеше ай мен күн бойы қаланың кіреберісінде тек қана ―Аллаһ‖ деп отырыпты. Ғұлама баланың күндік тамағын әкеліп тұрады екен. ―Аллаһ‖ деген баланың халық арасында атағы шыға бастады. Ханның құлағына да
жетеді. Хан ғұламаны шақырып бала туралы мағлұмат алғысы келеді. Ғұлама бұл баланың асырдың үлкендерінен бірі екенін айтады. Хан одан әрі шыдамай, баланың қасына барады. ―Кімсің? Неге бұл жерде отырсың?
Мақсатың не?‖ деп сұрақтар жаудырады. Бала болса ғұламанынң кеңесінен
қайтпай тек қана ―Аллаһ‖ деп жауап береді. Кешкісін ғұлама баланың қасына келіп ―Хан өз қызымды саған берейін дегенге дейін Аллаһтан басқа ешнәрсе айтпа!‖ деп ақыл айтып кетеді.
Бір күні расында да Хан келіп:
―Не қаласаң да берейін! Сенің осындай үлкендігіне, иманына сүйсіндім! Қаласаң қызымды берейін!‖ дейді. Сонда жаңағы бала:
―Жоқ, – дейді – енді қызынды да қаламаймын. Мен өзімнің мақсатыма жету үшін ғана ―Аллаһ‖ дедім. Аллаһ осы елдің үлкен ханын алдыма әкеліп, өз
қызына үйленуімді сұратқызды. Егер дүниелік мақсат үшін емес те, Аллаһ үшін ―Аллаһ‖ дегенімде.. кім біледі не боларын. Бұдан былай мен Одан
басқасыны іздемеймін де, қаламаймын да!―