Ғаламат

Ғаламат
8 жасар Салли кішкентай ауырып ауруханаға жатқызылған інісі Жорж үшін қатты уайымдайтын. Ата-ана қолдарынан келгеннің бәрін жасап,
Жоржтың тек қана қымбат бір операция құтқара алатынын түсінеді. Алайда

осындай қымбат бір операцияға ақшалары жоқ еді. Үмітсіз дауыспен ікесінің анасына былай дегенін естіп қалады Салли: ―Оны тек қана бір ғаламат
құтқара алады‖. Осыны естіген Салли тыныш қана өзінің бөлмесіне барып,
копилкаға жинаған ақшаларын шығарып санайды. Қателесіп қалмау үшін бір емес екі рет санап шығады тиындарын. Бәрін қалтаға қойып үйден шығады да тіке үйдің жаңындағы дәріханаға барады. Дәрігердің көңілін өзіне аудару үшін сабырмен күтеді. Дәрігер бір кісіге дәрінің қалай қолдану керектігін түсіндіріп жатты. 8 жасындағы бір баламен айналысатын уақыты жоқ екені белгілі еді. Саллидың жалықпай күтіп тұрғанын көріп ―Иә, балақай, не
алайын деп едің? айта бер‖ деді. ―Тездет, мына кісімен сөйлесіп тұрғанымды кқріп тұрсың ғой‖ деп, қасындағы күшті киінген бір кісіге көрсетеді. Салли
―Інім қатты ауырып қалды, бір ғаламат алғым келеді.‖ Дәрігер Саллиге қарап
―Түсінбедім‖ дегенде, ―Не ғой, әкем ‗оған тек қана бір ғаламат көмектесе алады‘ деген еді, бір ғаламат қанша тұрады?‖ Дәріген бұл жолы Саллиге
жаны ашып қамқорлықпен қарады: ―Өте өкініштімін, қызым, бірақ біз мына жақта ғаламат сатпаймыз, саған көмектесе алмаймын‖ деді. Салли
мақсатынан тез қайтатын еместі. Дәрігердің көздерінің ішіне қарап ―Оны
сатып алатын ақшам да бар. Тек қана бағасын айтсаңыз болды‖ деді. Дәрігер мен Саллидің осы сұхбатын тыңдап тұрған адам, Саллиге бұрылып ―Інің үшін қандай бір ғаламат керекті, қызым? деп сұрайды. ―Білмеймін‖ деді
Салли. Сосын көздерінен тамшылап аққан көзжасына қарамай: ―Тек білгенім
– інім ауруханада және анам операция жасалмаса ол ауадан аман шыға
алмайтынын айтқаны.. және олардың ондай операцияға ақшасы жоқ екені.
Бірақ әкем ‗Оны тек қана бір ғаламат құтқара алады‘ дегенің естіп дереу
мына жаққа келдім.‖ ―Қанша ақшаң бар?‖ деп сұрады адам. ―Бір доллар мен онбір цент‖ деді Салли. ―Бар жинағам ақшам осы!‖ ―Бұл өте жақсы, өйткені ініңді құтқаруға керек болған ғаламатқа бұл ақшаң тура жетіп тұр‖ деді
жаңағы кісі. Адам бір қолымен ақшаны алды да, басқа қолына Саллидың
қолын алып ―Кішкентай інің мен ата-анаңмен танысқым келеді‖ деп, Салли тұрған үйге апаруын сұрайды. Жақсы киінген адам Карлтон Армстронг
есімді дәрігер еді. Жорж үшін қажет операцияны жасай алатын атақты хирург. Операция сәтті өтті. Отбасы бұл операция үшін ешқандай төлем
жасамады. Сол күні үйлеріне қайтып бара жатқанда, барлық нәрсенің қандай сәтті болғанына әлі де сене алмай қуанышы ішіне симай тұрған анасы: ―Әлі де сене алмай тұрмын. Бұл операция бір ғаламат! Кім біледі қандай қымбат болғаның‖ деді. Салли күлімдеді. Бұл ғаламаттың қанша тұрғаның ол жақсы біледі. Тура бір доллар мен онбір цент!…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *