Сынақ
Мұғалім оқушыларға бір күні:
— Балалар, Аллаһ Тағала бәріміздің Жаннатқа кіруімізді қалап тұрып, неге бізді дүниеге әкелді?
Кішкентай Сәкен орнынан тұрып:
— Ағай, осы сыныпта отырғандардың бәрінің де сыныпта қалмай оқу жылын жақсы бітіруін қалайтыныңызды білеміз. Ондай болса неге бәрімізге жыл
басынан бір-бір 5-тен қоя салмай емтихан жасайсыз?..