Өмірдің үлкен тастары
Бір күні профессор жұмырық үлкендігінде тастар мен 3 литрлік банкані үстелге шығарып қояды да, МВА оқып жүрген оқушыларынан банканы осы тастармен толтыруларын сұрайды. Оқушылар осындай тапсырманың түк
қиындығы жоқ деп, 2 минут ішінде банканы тастармен толтырады. Профессор ―банка толды ма?‖ сұрағына бір ауыздан ―толды‖ деп жауап береді. Оны естіген профессор ―дұрыс емес жауап‖ деп, үстелге майда
тастарды шығарып соларды банканың ішіне төгеді. оқушулар бұл жолы да
―енді, толды‖ дегендеріне ―жоқ‖ деп, топырақ әкеліп банка ішіне төгеді.
Банканы шайқап топырақтың түшелдей тастар арасында жайылуың
қамтамасыз етті. Оқушыларға қайта сұрайды банканың толып толмағаның. Бұл жолы оқушылар не айтатындарын білмей ―толмаған шығар‖ дейді.
Професор ―иә, әлі толмады‖ деп, банкаға су құяды. Сосын оқушыларға қарап, осы жасалынғандардан не түсінгендерін сұрайды. Оқушылардан біреуі
―Күніміз қаншалықты шаруаға толы көрінсе де, әрқашан басқа жұмыстар үшін уақыт табуға болады..солай ма?‖.. профессор күлімдеп ―Жоқ. алынуы керек сабақ – үлкен тастарды ең басында орналастырмасаңыз, кішкентай тастар мен басқа майда-шүйде нәрселер банканың ішін толтырып, үлкен
тастарға орын қалмай қалады.‖ Кейін оқушылардың түсінбей тұрғаның көріп сұрайды ―өміріңіздегі үлкен тастарыңыз не? .. иманыңыз ба, балаларыңыз ба, отбасыңыз ба, достарыңыз ба, біліміңіз бе, денсаулығыңыз ба, басқаларға
пайдалы болу ма, біреулерге бір нәрсені үйрету ма, дүниені кезу ма.. осылардың бәрі ма.. өміріңіздегі үлкен тастардың не екенің жақсылап
түсініп, олармен өміріңізді ең алдыменен толтырыңыз, әйтпесе мақсатыңызға қатысы жоқ заттармен айналысып ол тастарыңызды өміріңізге сыйдыра
алмайсыз.‖