Дос туралы толғау
Қадірменді достарым, сендерге жыр бастадым Бағаламас достарын, пендеге болсын қосқаным
Дос туралы айтайын, біреу теңеу сөзбенен Өзіңде бар мініңді, сезу оңай өзгеден
Мақтанышым болатын, Достарым бар менің де Тілімен уақыт сыналып Тұздай сіңген сенімге
Досқа теңеу не десең — Тынысыма теңер ем, Тіршіліктің тірегі Дос тілегі – дертке ем
Дос төркінің сұрасаң — Онда да болар екі жұрт; Бірі күнде нұр шашқан Екіншісі күңгірт бұлт
Жақсы досың бар жерде, Тынысың кеңір тарылмас Адал досың жоқ болса,
Қасірет емі табылмас
Жақсы доспен жаның жаз, Қуанышың көп, қайғың аз Сенімді жанмен достасып, Қанатың ұшсаң қайрылмас
Жолсыз жүрсең төтелеп, Төбеде жалғыз қалдырмас
―Азаматым осы‖ деп,
сырт көзге сені аздырмас
Қыр астында жүрсе де,
Қырағы көзін жаздырмас Көлеңке болып шілдеде, Қыста үсікке шалдырмас
Аялай күтіп қысы-жаз,
көңілдің гүлін солдырмас
Жаман досың болса егер, жанып та тұрған бақ сөнер пайдаланып сыртыңнан,
атыңмен сенің күн көрер
Санасып қызмет түрімен, кеуде қағып масығып,
әділдікті ойламас бір құлығын асырып
Жүргенмен ауыз жаласып, Түстігін ішер жасырып Басыңа егер іс түссе, танымай кетер асығып
Дос туралы мен айттым
жақсы да жаман сөзбенен Достықты қойып биікке, Бағалап таза көзбенен
Талдап өзің аларсың керегі мен дұрысын
Досын талғай білмеген, адамзатқа ұлы сын!