РНҚ-ның биосинтезi
РНҚ-ның биосинтезi 2 сатыда жүредi:
- Транскрипция (көшiру)
- Процессинг (пiсiп жетiлу)
Транскрипция – бұл процесс ДНҚ-ның белгiлi транскриптондарын көшiрумен жүредi. Процесс генетикалық хабарды РНҚ (формасы) түрiнде көшiру. Транскрипцияның жұмысы бiрiншi реттiк транскриптiң яғни м-РНҚ-ның, т-РНҚ-ның және р-РНҚ-ның тѕзiлуiмен бiтедi. Транскрипция ядрода және митохондрияда жүредi. Траскрипция клетка циклiнiң белгiлi фазасымен байланыспайды. Траскрипция кезiнде субстрат ретiнде рибонуклеозидтрифосфаттар АТФ, ГТФ, ЦТФ, УТФ қолданылады. Транскрипция матрицалық синтездiң көп тѕрлерiнiң бiрi болып саналады. Матрица ролiн ДНҚ-ның белгiлi бөлiмi – транскриптон атқарады. Транскрипция сәйкес келу (комплеменитарлы) принципке негiзделген. Транкрипция 51—>31 бағытында жүредi.
Транскрипция
Транскрипция 3фазада жүредi:
- Транкрипцияның инициясы – РНҚ-а полимеразамен бiрге промотордың байланысуымен бiтедi және ДНҚ бөлiмiнiң денатурациясын тудырады.
- Тiзбектiң элонгациясы – РНҚ-ның бiрiншi реттiк тiзбегiнiң синтезiн өсiрумен аяқталады.
- Терминация (аяқталуы) терминатор деңгейiнде жүзеге асады. Бұл т-РНҚа, м-РНҚа жолында т-РНҚа, м-РНҚа, р-РНҚа функционалды молекулаларға айналып, РНҚ-ның әртүрлi типтерiнiң пiсiп жетiлуi. Бұл процесс мынадай жолдармен жүзеге асады:
- Реттiк транскриптi бiрнеше жекелеген РНҚ-ға бөлу (егер, бiрiншi реттiк транскрипт бiрнеше РНҚа-дан тұрса).
- Екi соңғы жағынан ретiмен “артық” нуклеотидтi алып тастау. 5, 3 соңдарын түрлендiру.
- Минорлы негiз түзетiн нуклеотидтердiң қалдықтарын түрлендiру.
- Ядродан цитоплазмаға рибонуклеотидтi тасымалдау.