АРАБ АТА КЕСЕНЕСІ

АРАБ АТА КЕСЕНЕСІ – 977-— 978 ж.ш. Өзбекстан Респ. Самарқан обл. Тиммакхаласында салынған. “Самани әулеті ғасыры” деп аталатын кезеңнің озық сәулет өнерінің ескерткіштері. А. А. к. П әрпі түрінде салынған. Кірер жақ беті кесененің басқа қабырғаларынан көтеріңкі келген. Өне бойы жазулармен әсемделген. Жан-жағы жапырақ тәріздес, жүрек іспетті өрнектермен көмкерілген. Күмбезге дейін екі қатарлы өру тәсілі қолданылған. Негізгі қабырғада үш күректі арқа орналасқан. Екі жанындағы арка арнайы ашылып тұрған сияқты әсер қалдырады. Оның үстіне жалғыз арка орналасып, күмбезге жалғасқан арка бойына өрнектер салынған. Ескерткіш үлгісі Бұхарадағы Самани әулеті кесенесінің үшкір күмбезді, күйдірілген қышпен қаптау, бұрыштарына бағана орнату, кішігірім кірпіштермен тігінен не жатқызып өру тәсілдерімен әшекейлеу өнеріне ұқсас. А. А. к-не ұқсастық тек Орта Азияда емес, Қазақстан жеріндегі Айша бибі, Жошы хан сияқты ескерткіштерінен де байқалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *