Сабын мен дін
Дінге сенбейтін сабын өндірушісі бір күні иманды кісімен әңгімелесіп отырып былай дейді:
— Сендердің сенімдерінің расында бір пайдасы болса, адамдарға расында да тек жақсылық әкелсе, осыншама жылдар бойы дүниеде жамандық, күпірлік қалмайтын еді ғой?
Иманды кісі адамның бетіне бір мүддет қарап:
— Ондай болса сен жасаған сабындардың да түк керегі жоқ. Өйткені олардың бір пайдасы болғанда, айналамызда кір мен ластық қалмас еді? деді.
Сабын шығарушысы дереу қарсы шығып:
— Адамдар сабын қолданбаса менің кінәм неде?
— Адамдар діннің насихаттағаның орындамаса діннің кінәсі неде? Егер діннің заңдылық пен керектерін шын орындаған болғандарында, күллі дүние
баяғыдан жақсылық пен тәртіпке толар еді.