АРА

“АРА” — сатиралық журнал. 1956 ж. наурызынан айына бір рет, 0,75 баспа табақ көлемімен шыға бастады. Алғашқы шығарушылары — Е. Мүсірепов, А. Тоқмағанбетов, Қ.Жармағанбетов. “А.” қоғам өміріндегі кемшіліктерді, шаруашылық салаларындағы қырсыздықтар мен жауапсыздықтарды, адам бойындағы жағымсыз қылықтарды батыл әшкереледі. 1995 жылдан бастап журнал АЗ қалыптағы 4 беттік газет болып шығып тұрды. 1998 ж. шығуын тоқтатты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *