«Білімнің екі түрі бар – біз осы тақырыпты өзіміз білеміз немесе біз ол туралы ақпаратты қайдан табуға болатынын білеміз»
С. Джонсон
Дәлелді мейіргерлік зерттеу басқа мамандардың ең үздік клиникалық дәлелді зерттеулеріне сүйене отырып, тәжірибе негізінде дәлелді шешім қабылдауды қарастырады. Яғни мейіргер зерттеу жүргізу үшін дәлелді зерттеуге негізделген ақпарат көздеріне сүйенуі керек.
Әрине, дәлелдемелерді іздеу ісіндегі тиімді көмекші электронды деректер базасы (ДБ) болып табылады. Алайда, қазіргі таңда биомедициналық журналдарда жарияланымдардың саны бүгінгі күні 15 млн болып отыр.
Fokin V.A 2002 ж. анықтамасы бойынша медициналық шаралардың барлығы тек 15 % жағдайында ғана ғылыми дәлелдерге сүйене отырып жасалған. 1/3 жағдайда біздің емдеу процедураларымыздың нәтижелігі дәлелденбеген, осыған қарамастан біз оларды қолданамыз.1/3 жағдайда нәтижелілігі дәлелденген, бірақ біз оларды клиникалық тәжірибеде қолданбайды делінген.
Әлемде медициналық мақалалардың 80% ағылшын тілінде жарияланады.
1996 ж. Ұлыбританияның жалпы тәжірибелік мейіргерлері арасында жүргізілген сұрастыру бойынша, олардың 80% клиникалық шешімді дәлелді медицина тәсілдеріне сүйене отырып қабылдайтыны анықталды.
Украина Харьков каласында жасалған әдістемелік нұсқамада жыл сайын әлемде медициналық-биологиялық бейіндегі 2 млн-ға жуық мақалалар жарияланып отыратындығы айтылады (жылына 2 есе көп). Бұл реттке жарияланған ақпараттардығ көп болып артуы, оларды дәлелді ақпарат көздері екендігіне күмән тудырады. Яғни, бүгінде әлемдегі баспасөзден шығатын материалдардың тек 5%-ы ғана дәлелді ақпарат болып табылады.
Сондықтан мейіргер зерттуге қажетті дәлелді ақпарат көздерін тиімді пайдалана білуі тиіс. Ол мейіргерлік тәжірибенің сапасының артуына әсер етеді.
Мейірбике ісіндегі ғылыми зерттеулер кез келген басқа ғылыми пән сияқты кәсіби қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін нақты ғылыми дәлелді ақпараттарды алу әдісі болып табылады
Сондықтан осы тақырып өзекті болып табылады.
Зерттеу мақсаты: Мейіргерлік зерттеуге қажетті дәлелді ақпарат көздерін жинақтау. Зерттеу жүргізу нәтижесінде жинақталған дәлелді ақпарат көздерін бағалау.
Зерттеу міндеттері:
Еуропаның ғылыми-медициналық сайттарынан (Pubmed, Cyberleninka, Stat.fi) мақалалар оқу, соның әдістеріне сүйене отырып, зерттеу жұмысын жүргізу, статистикалық ақпараттарды жинақтау, талдау.
Мейіргерлік шетелдік дәлелді ақпарат көздеріне сипаттама жүргізу.
Қазақстандағы мейіргерлік зерттеуге қажетті дәлелді ақпарат көздерін табу
1.1 Дәлелді медицинадаға жалпы шолу
Мейірбикелік зерттеулер-бұл пациенттерге көмекті жақсарту және/немесе проблемалық жағдайларды шешу үшін жаңа ақпарат алуға тырысатын мейірбикелер жүргізетін клиникалық процесі. Кейбір авторлардың пікірінше (Р. Buard, Р. Morrison, 1990) зерттеулер мейірбикелердің қандай жұмыс атқаратынын түсіну, бағалау және талдау жолындарын білдіреді делінген.
Соңғы екі онжылдықта медицинада білімнің жаңа саласы – дәлелді медицина (ДМ – evidence – based medicine) қалыптасты. Сөзбе-сөз аударғанда — » фактілерге негізделген медицина «немесе» медициналық практикаға ғылыми негізделген «немесе»ғылыми – дәлелді медицина» терминінің мәнін нақты көрсетеді.
Дәлелді медицина (ДМ) — нақты науқасқа емдеу әдісін таңдау кезінде дәлелденген ең жақсы клиникалық зерттеулердің қорытындыларын пайдалану. «Доказательная медицина — новые подходы и проблемы» мақалада,авторы И.Масичанықтамасы бойынша – бұл диагностикаға, таралуға, шынайы ағымға, емге және ауруларды алдын алуға арналған зерттеу. Ол ен дәлелге негізделген тәжірибе» Evidence-Based Medicine». Ол бұрынғы емдеу, диагностикалау әдістерінен нақты айырмашылығымен ерекшелінетінмедицина қызметкерлерден критикалық бағалауды талап ететін клиникалық медицинаның жаңа бағыты.
ДМ — ның даму тарихына тоқталатын болсақ медициналық зерттеулерде ғылыми принциптер маңыздылығының жоғарылауы 20-ғасырдың 80-90-шы жылдары дәлелге негізделген немесе дәлелді медицина деп аталатын бағыттың пайда болуына әкелді. 1990 жылы Мак Мастер университетінің ( Торонто, Канада) Дэвид Сакетт және басқалар., ғалымдар (evidence-based-medicine) «Дәлелге негізделген медицина» -деген ұғым енгізді.»Дәлелді медицина» термині алғаш рет 1992 жылы «Guyatt et al» мақаласында медициналық әдебиетте пайда болды.ДМ идеясы Канадада 1988 жылы Макмастер университетінде пайда болды,бірақ 1990-шы жылдары бүкіл әлемде танымал болды. Дегенмен, 19 ғасырда өмір сүрген және медицина ғылымындағы барлық жаңа жаңалықтарды мониторингілеудің мүмкін еместігін көрсеткен ағылшын эпидемиологы Арчи Кокрейн ДМ негізін қалаушы болып саналады. Соңғы он жыл ішінде әлемде ДМ қолдануға деген қызығушылық қарқынды өсуде.