Сиэтл

Сиэтл
Осыдан бірнеше жыл бұрын Сиэтл қаласында өткен олимпиадада тоғыз мүгедек спортшы жүгіруден жарысатын болады. ―Старт!‖ деңілген сәтте
жарыс басталды. Әр спортшы шамасы келгенше ынта танытып, жеңіске жетуге тырысты. Бір кезде мүгедек кішкентай бала аунап құлап, жылап
қалады. Қалған сегіз спортшы жылағаның естіп дереу тоқтайды да, артқа, бала жатқан жерге жөнеледі. Мүгедек қыз баланың қасына жете
салып,құшақтап бетінен сүйіп жуатуға тырысады. Қалған мұгедектер қыз бен баланы қоршап алып, финиш сызығына дейін барлығы бірге қайта жүгірді.
Стадионда жиналған адамдар орындарынан тұрып, қол соғады. Неге?
Өйткені, өмірде ең маңыздысы – жеке басыңның жеңіске жетуі емес, ЕҢ
маңыздысы – басқалардың жеңіске жетуіне көмектесу, ол үшін кейде тоқтап бағытты өзгерту керек болса да…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *