Қолымды ал
Бір сараң адам теңізге түсіп ғарық болады. Батып бара жатып теңіз жағасында жүрген адамдардан құтқарыңдар деп айқайлап көмек сұрайды.
Алайда көмекке барған ешбір адам қанша тырысса да оны теңізден шығара алмайды. Сол жағада тұрған Насреддин хожа ―кәне, мен көрейін‖ деп,
адамның қасына барып, оны құтқарып алады. Жұрт аң-таң болады, қанша сағаттан бері шығара алмай тұрмыз, сен болсаң бір сөзбен құтқарып шығардын деп. сонда Насреддин: ―сендер ол сараңға ―қолыңды бер‖ деп айттыңдар, мен болсам ―қолымды ал‖ дедім‖ деді.