Отты әркім өзімен бірге алып келеді
Ертеде бір әкім болыпты. Ол әкімнің үнемі айналасындағыларға тисіп, кекететін әдеті болыпты. Сәл ұнамай қалған нәрсесіне ызалануы да ерекше
қатты болатын. Бір күні қызметшілерінің біреуі алыстан келіп үсті басы шаң болса да, әкімнің алдына шығады. Әкім:
— түріне қарашы! қайдан келе жатырсың соншама? – деп сұрады.
— тозақтан келе жатырмын
— не үшін бардың тозаққа?
— от керек болды да, сол жерде көп деп барған едім
— енді алдың ба керегіңді?
— жоқ, ала алмадым. Жаһаннам күзетушілерінен сұрасам, олар
―ойлағаныңыздай бұл жерде от жоқ. әркім отты дүниеден өзімен бірге алып келеді‖ деді.