Майда ақша
Бүгінгі күннің ең соңғы сабағы бітуге, қоңырау шалынуға жақын
қалғанды. Оқушылар кітап, дәптерлерін жинап қоңырауды сабырсыздана күтуде еді. Қоңырау үні естілісімен барлығы есікке қарай асықты. Арман жайлап жиналып ең соңғы адамның сыныптан шығуын күтіп, көзінің
астынан мұғаліміне бір қарап қояды. Мұғалімде бұл кідірісін байқап тұр. М: Арман сен үйіңе қайтпайсың ба?
Арман ең соңғы оқушы шығуын күтіп жауап қатты. А: Сізбен сөйлесейін деп едім ағай
М: Жарайды, не айтпақшы едің тыңдайын. А: Сыныптағы Айбек досым бар ғой…..
М: Иа, не болды Айбекке?
А: Ол… ол біз үзілісте буфетке барып бір нарселер алып жеп жүрсек, бізден қашқақтап ұзақ жүреді, шамасы ақшадан қиналып жүреді ғой деймін.
М: Иа, солай ма?
А: Мен оған жәрдем етсем деп едім, бірақ ол менің бұл ісімді білсе қабыл етпеуі мүмкін намыстанып,мен майда ақшаларымды жинап аптасына бір сізге беріп тұрсам, сіз Айбекке бере аласыз ба?
Ол қалтасынан бір уыс майда ақшаларын шығарып, мұғалімнің үстелінің үстіне қойды.
Мұғалімі ақшаға тиіспей, орындығына отырды. Арман туралы ойлана
бастады. Оның білуінше оның бұл үздік оқушысының жағдайы да Айбектің жағдайынан алыс емес еді. Ол бір ауқатты жанұяның баласы емес еді. Ниеті неткен керемет , досына көмектескісі келеді және де мұны жасырын түрде жасамақ ойы бар.
М: Арман тұра тұр менің білуімше сендердің жанұяларының да жағдайы асып-тасып тұрған жоқ әлде мен қателесіп тұрмын ба?
А: Дұрыс айтасыз мұғалімім әкем қара жұмыс жасайды кейде жұмыс болса, кейде болмай қалады, Мен де сабақтан кейін ақша табу үшін амал жасаймын. М: Не жасайсың?
А: Сабақтан кейін шемішке сатамын.
Мұғалімі Армандің ниетінің жақсы екенін біледі, бірақ өзі қиналып
қалмасын деп, және оқушысын ренжітіп алмас үшін не істеу керек екенін ойлана бастады? Онымен біраз сөйлессе мүмкін бұл ойынан қайтар деп ойлады.
М: Арман сен кейін өскенде кім болғың келеді? – деп сұрады. А: Бай іскер адам болғым келеді.
М: Неге бай болғың келеді?
А: Көп адамдарға көмектесе алуым үшін.
М: Арман тыңда Айбектің жанұясының жағдайы жақсы емес білем, бірақ сендердің де олардан айырмашылықтарын аз. Сен ойлан асықпа, кейін
байыған кезде адамдарға көмектессең болмай ма? А: Жоқ, болмайды қазірден жасауым керек.
М: Неге болмайды?
А: үш себептен болмайды.
1) Бұл ақшалар менікі емес. Жақсылық жасағаным үшін Аллаһ мені жақсы көреді адамдарға да жақсы көргізеді. Сондықтан жанымдағы сатушылардан қарағанда адамдар меннен шемішкені көбірек алады.
2) ―Ағашты шыбық кезінен отырғызу керек‖ деп айтады ғой.
Кішкентайымнан жақсылық жасауды үйренбесем, үлкейгенде оны үйрену, жасау қиын болады.
3) Үлкейгенде бай іскер адам болғым келеді. Уақытысында сауда жасай алмағандар ондай бола алмайды.
Мұғалімі Арманды қарсысында үлкен адаммен сөйлесіп отырғандай мұқият тыңдап отыр.
М: Соңғысын жақсы түсінбедім деді.
А: Онда ашықтайтын болсам. Қазір бай болмағандығым үшін күніне тек 1 стакан шемішкелік ғана жәрдем ете аламын. Бұдан көп бере алмаймын. Ал Аллаһ жәнәтты қолынан келгенінше жақсылық істегендерге береді. Қазіргі
қолымнан келгені осы болғандықтан жәннәттің бағасы мен үшін сондай. Егер байымай өліп кетсем 1 стакан шемішкенің бағасындай жақсылықпен
жәннәтқа кірем. Бұдан артық қандай сауда болуы мүмкін.
Мұғалімнің көзі жасқа толып, басын изеді. ―Түсіндім‖ деген ишареті еді оның. Арманді үйіне қайтарды. Өзі ұзақ отырды. Кетерінде Армандің үстел үстіне қалдырған тиын тебенің көрді, оны уысына алды. Ол қолында
дүниенің ең қымбат маржан, жақұт, алмастарын ұстап тұрғандай сезілді.
Жо – жоқ бұл олардан да қымбат. Бұл 1 стакан шемішкеден түскен майда тиындар жәннәтты сатып алатын тиындар еді. Бұларды қолына қатты қысып отырып көп жылады.
Өз-өзіне келгенде ақшам уақыты болыпты. Сыныптан жайлап шығып ―бұл майда тиындармен жәннәтті сатып алмақшы‖ ―бұл майда тиындармен
жәннәтті сатып алмақшы‖ деп қайталай берді.
Мектеп қарауылының ―не дейсіз?‖ деген сұрағын да естімедей аузы жыбырлап ақшам қараңғылығына сүңгіп кете барды.