Қанағатсыздық
Кедей бір адам теңіз жағалауында толқынмен жағаға түскен
балықтарды теріп жүрді. Сол жағамен өтіп бара жатқан Хан кедейді көріп оған мейірімін көрсетпекші болып былай дейді:
— ―Дәл қазір ілмегіне не түссе, соның салмағындай саған алтын беремін‖ дейді.
Біраздан кейін кедейдің ілмегіне ортасы тесік бір сүйек ілінеді. Хан балықшыға:
— ―Не істеймін енді, нәсібің осыншалық екен – ілмегіне жеп жеңіл нәрсе ілініпті‖ деп, кедейді алтын беру үшін сарайына алып барады.
Сарайға жеткендерінде, хан көмекшілеріне балықшы қолындағы сүйегі салмағында алтын берілуін әмір етеді. Сүйекті таразының бір жағына қойып, екінші жағына да алтын қоя бастайды. Бес, он, жиырма, елу деп алтындарды қоя беріпті бірақ сүйек орнынан еш қозғамады. Бір қарағанға төрт-бес алтын салмағындай ғана болған сүйек, қаншама алтыннан да ауыр болып шықты.
Таразының бір жағына алтындар тола береді, тіптен алтындар таразы
кесесінен асып жерге шашыла бастайды.. сүйектің ауырлығы сонда да басым болады. Мұнда бір жасырын құпия бар деп, бір ойшылды шақыртады хан.
Ойшыл сүйекті қолына алып оған ұзын мүддет қарады да былай деді:
―Бұл сүйек қанағатсыз бір адамның көз шұқыры. Сіз оны тарту үшін барлық қазынаны қойсаңыз дағы ол сонда да орнынан жылжымайды. Өйткені көз тоймайды. Оны тек қана топырақ тойдырады.‖
Осыны естіген хан сүйектің үстіне бір уыс топырақ қояды. Сүйек тұрған таразы қолы сонда ғана жоғары көтеріледі.