Садақаның пайдасы
Әзрайіл періште жанындағы дос періштесі екеуі қараса, бір жас жігіт мәз-мәйрам болып келе жатыпты. Сонда Әзірайіл досына: ―Мына пенденің масайрауын қарашы, ол білмейді, ертең тура осы уақытта мен оның жанын аламын‖ дейді. Ертеңіне досы әлгі жігіттің аман-сау жүргенін көреді. Сонда досы ―мына жігіт тірі жүр ғой‖ дегенде Әзірайіл періште айтыпты: бұл
жігіттің соңғы сағаты соғып-ақ тұрған. Алайда мұқтаж адамға садақа беріп, жолдан өте алмай тұрған кәрі кемпірге көмектесіп еді, әлгі қайыршы мен
кейуана: ―Өмір жасың ұзақ болсын!‖ деп батасын бергені. Олардың батасына күллі періштелер ―әумин‖ деп, бата Аллаһ Тағала тарапынан қабыл етіледі.
Осылай бұл жігіт садақасы арқылы өмірің ұзартқан болды.