Құдай мені суретке түсіріп тұр
Сол күні ауа райы жаман болып тұрды.. тоқтамай күн күркіреп, шелектеп жаңбыр жауып тұрды… кішкентай қыз әдеттегідей сабаққа
жиналып мектеп жаққа жаяу кеткен болатын… бір уақытта найзағайлар тоқтамай бір бірінен кейін гүрілдей бастады. Кішкентай қыздың анасы
―қызым мынандай найзағайдардан қорқып қалады-ау‖ деген уайыммен мектеп жаққа жөнеледі.. мектепке жақындай бергенде қызын көреді…
кішкентай қыз баяу қадамдармен үй жаққа жүріп, найзағай ойнаған сайын тоқтап, басын аспанға көтеріп күлімдейді. Анасы қызының қасына
жақындап, екеуіде машинаға отырған кезде қызынан сұрайды:
―осындай найзағай мен күннің күркіреуінен қорқпадың ба? Найзағай
ойнаған сайын басыңды аспанға неліктен көтеріп тұрдың?‖ Кішкентай қыз:
―Аспанға қарап күлімдедім… өйткені Құдай мені суретке түсіріп тұрды…‖