Менің жұмысым емес қой
Бір өлкеде 4 кісі өмір сүріпті. Олардың есімдері БАРЛЫҒЫ, БІРЕУ, ӘР КІМ және ЕШКІМ екен. Бір күні маңызды бір іс ортаға шығыпты.
БАРЛЫҒЫ бұл істі БІРЕУДІҢ жасайтындығына сеніпті. Бұл істі ӘР КІМ жасай алатын еді, бірақ ЕШКІМ жасамапты. БІРЕУ бұл жағдайға
ашуланыпты. Өйткені істі БАРЛЫҒЫ атқару керек еді, БАРЛЫҒЫ ӘР КІМ жасайтын шығар деп ойлапты. Бірақ ЕШКІМ БАРЛЫҒЫ атқармай қалады
деп ойламапты. Соңында ӘР КІМНІҢ жасай алатын ісін ЕШКІМ жасамағаны үшін БАРЛЫҒЫ БІРЕУДІ кіналапты.
Мықты бір ел боламыз десек біздің түсінігіміз ―менің қатысым қанша‖ деген түсінік емес, ―ешкім болмаса мен бармын‖ деген ―маған керек‖ деген ойға ие болса игі еді.