Бар болса ше?
Әз.Әлиге (р.а) бір атеист келеді. Өліп қайта тірілетініне, жасаған амалдары үшін сұралатынына, жаннат пен тозақтын барына сенбейді.
Әз.Әлиге: ―Әли, осы сіздер (мұсылмандар) өлімге және қайта тірілуге
сенесіңдер, біз – сенбейміз. Сіздер тозақтан қорқып, жаннатқа кіру үшін
көптеген ғибадат жасап, мүлкілеріңмен бөлісіп әуре боласыңдар. неменеге қажет осының бәрі? өлімнен кейін қайта тірілуімізді кім дәлелдеп
көрсетіпті?‖ деп сұрайды. Әз.Әли айтылғандардың бәрін үндемей тыңдап, былай дейді: ―Иә, қайта тірілу, жаннат не тозаққа кіру сен айтқандай жоқ та біз айтқандай бар да болуы мүмкін. Алдыменен барлығы сен айтқандай деп қарастырайық. Өлімнен кейін ақырет өмірі жоқ деп ойласақ, сен мен біздер бірдей боламыз. Саған да ештеңе болмайды, бізге де. Солай деп ойлағанның өзінде біз оқыған намаздар, жасаған жақсы амалдар мен ғибадаттар, берген зекет пен садақа бізге ешқандай да бір зиян болмайды. Ал ақырет өмірі бар болса ше – сенің жағдайың қандай болмақ?‖ Атеист адам ойланып:‖расында
да әр екі жағдайда да сіздер ұтылмайсыздар. ақырет өмірі болса расында да қиналатын біздер боламыз! маған Исламды үйрет, мен де мұсылман болайын!‖ дейді да мұсылман болады.