“АПОЛЛО” (ағылш. Apollo)- адамның басқаруымен Жер төңірегінде және Айға сапар жасауға арналған Американың сериялы үш кісілік ғарыш кемелерінің аты. “А.” негізгі бөлік пен Ай кабинасынан тұрады. Біріншісі үш астронавты Айдың селенцентрлік орбитасына және Жерге, екіншісі олардың екеуін селенцентрлік орбитадан Ай бетіне, одан қайта сол биіктікке жеткізуге арналған. Негізгі бөлік экипаж бөлімі мен қозғалтқыш бөлімінен тұрады, экипаж бөлімі суға қонуға лайықталған, ал кездейсоқ қажет жағдайда құрғақ далаға табан тірейтін тіректері бар. “А-ның” ең салмақтысы 47 т.
Ай кабинасы 14,7 т. Кеменің тұтас ұз. 17,68 м, Ай кабинасыныкі 6,98 м, екеуінің де диам. 4,29 м. Кемедегі 20 жүйе пультпен байланыстырылған орталық есептеу машинасымен басқарылады. Негізгі бөліктің байланыс құрылымы сантиметрлік, метрлік және қысқа толқындарда жұмыс жасайтын жүйелерден тұрады, ол радиолокациялық қабылдауыш және таратқышпен жабдықталған. Астронавтар тіршілігін қамтамасыз ететін жүйеде 16 тәулікке жететін ауа, су мен тамақ болады. 391 Жалпы массасы 460 кг келетін ол ортада 21 — 27°С тұрақты температура сақталып тұрады. Ғарышқа ұшып шыққаннан кейін кабинадағы оттегі көбейтіледі (98% оттегі, 2% азот), ауаның қысымы 0,035 — 0,039 мПа, ылғалд. 40 — 70%-ке реттеледі. Арнайы амортиза торларға ілінген орындықтары әр түрлі қалыпта бекітілетін креслоларға астронавтар (сол жақ шетте кеме басшысы, ортада бірінші ұшқыш, онан кейін екінші ұшқыш) жайғасады. Ай кабинасы қонатын және ұшатын сатылардан тұрады. Қонатын саты, экипаж кері аттанғанда, ұшып шығатын алаңша қызметін атқарып, Ай бетінде қалады. Ай кабинасына екі астронавт орналасады. Онда бірі жоғары, екіншісі алға қараған екі люк бар. Жоғарғысы астронавтардың экипаж бөлімінен Ай кабинасына, онан кейін қарай өтуге, алдыңғысы қонғаннан соң Ай бетіне түсіп, қайта мінуге арналған. Ай кабинасының барлық жүйесі пультпен байланыстырылған орталық есептеу машинасымен басқарылады. Соңғы ұшқан ұш “А.” кемелерінде Ай бетінде астронавтар зерттеулер жүргізетін екі кісілік көлік болды. “А.” ғарыш кемелерін ұшыру “Сатурн-ІВ” (“А.-І” — “А.-3”,“А.-5”, “А.-7”) жөне “Скайлэб” пен ЭПАС бағдарламалары бойынша, “Сатурн-5” (“А.-4”, “А.-6”, “А.-8” — “А.- 17”) ракета ұшырғыштарымен жүзеге асырылды.