Жылы жүз таныту
Кішкентай қыз көңілсіз бейтанысқа күлімдейді. Оның жылы жүзі проблемаларынан түңіліп жүрген адамның көңілін көтеруіне себеп болады.
Жақсы көңіл-күйде болған адамның есіне көмегі үшін досына алғыс
айтпағаны түседі. Дереу рахметін айтып досына СМС жолдайды. Досы СМС- ке қатты қуанып, үнемі түскі асын ішетін кафеде үлкен шайпұл тастап кетеді. Даяшы қыз (ор.официантка) осындай үлкен шайпұлды бірінші рет алған болады. Кешкісін үйге келе жатып алған шайпұлдың бір бөлігін күнде үйдің табалдырығында отыратын қайыршының қолына ұстатады. Екі күн бойы аш жүрген қайыршы қатты қуанады. Алған садақаға қарнын тойдырып,
қайыршы жертөле жаққа әндетіп барады. Жақсы көңіл-күйде болған
қайыршы – манадан бері далада жаурап отырған, үсті-басы кір күшікті
бауырына басып алады. Күшік түнейтін жылы орын тапқанына мәз болады. Ыстық жертөле ішінде қуанып жүгіріп ойнайды. Түннің бір уақытысында тұрғын үйде өрт шығады. Түтін иісін сезген күшік қатты үре бастайды.
Күшіктің үргенінен алдыменен қайыршы, кейін үй тұрғындарының түгелі оянады… Уақытылы оянған тұрғындар далаға шығып үлгереді де, өрттен аман қалады.
Мұның бәрі де ақысы болмаған жылы жүздің арқасы..