Әке мен бала

Әке мен бала
Кіргенде суық күркеге Мұз қатты жастан көздегі. Еріп келген немерем
Көрмесін деп көз жасын. Күңіреніп жатты, күйзеліп
Қолымен бүркеп көз, басын. Тісі тимей тісіне
Сақылдап жаурай бастады. Баласына мұң шағып,
Жұмған аузын ашпады. Қоштасарда әкенің
Төсегіне еңкейіп,
Күйзелді ұлы қия алмай Күйіктен іші өртеніп.
Қабырғасы сөгіле, Еңкілдеді егіле.
Баласын ертіп сонан соң Кете берді жөніне.
Әкесінің ісіне
Таңырқай сәби тіл қатты
«Қалдырдың неге атаны?» деп, бұрыла үн қатты.
— Қалауы деп анаңның Әкесі айта алмады. Осы сәтте баласы
Сөзін қайта жалғады, Қартайғаныңда сені де, Мен де алып келем бе, Осы жерге тастауға,
Сүйікті әкем, – дегенде, Түршігіп жаны ауырып, Алдын ойлап бүгілді
«Әкетай, әке, кешір,‖ деп Күркеге қайта жүгірді.
«Жаза бастым, жаңылдым Жан әкешім кеш,» – деді. Жарқ етті әке жанары,
Жанғандай болып өшкені
«Тауға апарып әкемді Кеткенім жоқ кезінде.
Қайтып келер, балам деп Күткен едім өзім де».
Жөнсіз бе, әлде жөнді ме

Елден шыққан әңгіме. Ел ішінде айтылып, Аралап жүр әлі де.
Күмәні жоқ айтылған


Әкенің сөзі орынды. Ата-анаңды қорласаң
Қайнатар балаң сорыңды.


Ара
Ең жетілген компьютер секундына 16 миллиард операция орындаса, бір ара секундына 10 триллион операция жасай алады. 500 гр бал үшін 900 ара 1 күн жұмыс істесе, 1 ара 25 минутта 50 гүл, 450 гр бал үшін 17 мың ара 10
миллион гүлге қонады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *