Намазға келгендер
Рамазан айы. Бір падишах уәзіріне мешітке барып, намазға келген әр кезді ауызашарға шақыруын бұйырады. Күн батып, намаз оқылады.
Намаздан кейін уәзір 5-10 кісілік бір топпен падишахтың алдына келеді. Падишах таң қалып:
— Мен саған намазға келген әр кезді шақыр демеп пе едім? Үлкен
жамағаттың арасынан бір дастарханды да толтырмайтын аз ғана қонақпен келгенін не?
— Мәртебелім, сіз маған мешітке келгендерді емес, намазға келгендерді ауызашарға шақыр дедіңіз. Намаздан шығып, мешіт кіреберісінде тұрдым да, шыққандардан имамның намаз оқытқан кезде қандай сүре оқығанын
сұрадым. Сүрені тек осы кісілер ғана білді. Мешітке келгендер көп-ақ еді, бірақ намазға келген осылар ғана болды,- дейді.