Нығметтің ақысы

Нығметтің ақысы
Жұма күні мешіттегі имамның уағызын тыңдайды. ―Адам қолдағы нығметтерге қанша шүкір етсе де аз. Адам бір тышқан не болмаса қоқырсық ішінде жүретін шыбын-шіркей болып жаратылуы мүмкін еді. Бірақ Аллаһ оны ең керемет күйінде – Адам етіп жаратты. Қарап отырсаң, жасаған
осыншама ғибадаттың бәрін қосып алғанның өзінде Адам болып
жаратылудың, берілген нығметтің ешбірінің ақысына келмейді!‖ Имамның сөзін бөліп ―мен кішкентайымнан жұма намаздарға қатысып жүрмін.
Басқасын білмеймін, өзім Жәннатқа баратынымнан еш күмәнім жоқ!‖ дейді. Оған имам – ―Құлшылық жасадым – ендігі орным Жәннатта деу дұрыс емес. Жәннат ғибадаттың ақысы емес, Аллаһтың ихсаны..‖
Өз айтқанынан қайтпаған ол, мешіттен шығып үйге кетеді. Бірден бір тісі қатты ауырады. Барған сайын тіс ауруы өсе берді. Одан ары шыдауға
мұрша болмай, дереу жақын арадағы тіс ауруханасына барады. Доғдырдың да жұма намазынан қайтып келген кезі екен. Мешіттегі адамды танып:
— Сізді емдеудің тек бір амалы бар – барлық ғибадаттарыңыздың сауабын маған бағыштайсыз – дейді.
Қарсы тұруға, басқа доғдырға кетуге еш мүмкіндігі жоқты. Амал жоқтығынан келісіп:
— Сіз тісімді емдесеңіз болды – не сұрасаңыз да беремін! – дейді. Доғдыр:
— Имам рас айтқан екен. Көптеген нығметтерге немқұрайлы қараймыз. Бір өмірлік ғибадаттың сауабын бір ғана тіс ауруынан құтылу үшін бере салуға дайынбыз. Қалған тістердің саулығы үшін қанша ғибадат жасауымыз керегін есептеуге де келмейді. Ал Жәннатқа тұрарлық ғибадатты ше..

Тісі емделіп болып:
— Расында да барлық ғибадаттарым Аллаһтың ертеректе берген нығметтің
ақысы ғана. Келешекте берілетін нығметтер үшін қандай да болсын қызметім жеткіліксіз саналады. Жәннатқа жасаған құлшылық емес, Аллаһ рызалығының арқасында ғана жетуге болады. – дейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *