Саған айтып тұрғандай етіп оқы
Құран оқып отырған баласына әкесі келіп не істеп отырғанын сұрайды.
Баласы қолындағы Қасиетті Кітапты көрсетіп ―Құран оқып отырмын‖ деп жауап береді. Осы диалог бірнеше күн бойы қайталанады. Бесінші күні де әкесінен не істеп отырсың деген сұрағын естігенде, баланың шыдамы тауысып ―Әкешім, көріп тұрсыз ғой Құран оқып отырғанымды, неге күніге қайталап бір сұрақты сұрай бересіз?‖ дейді. Әкесі, ―Балам, иә, қолыңда
кітаптың барын көріп тұрмын. Бірақ мен ол Кітапқа құр қарауды қойып, оны шын мәнінде оқығаныңды қалаймын. Құран саған дауыстап жатқандай, Аллаһ Тағала саған айтып тұрғандай етіп оқы!‖ дейді.