Америкадағы әйелдерге арналған басылымдар

Газет-журналдары

  • -«The Washington Post»; ұлттық және халықаралық жаңалықтарды жазады. Тiлi — күрделi. Оқырмандары, тiптi американдықтардың өздерi де кәсiби сөздiктердi қолдануына тура келедi. Таралымы — 763 305 дана.
  • — «The New York Times»; Негiзiнен Нью — Йорк қаласының жаңалықтары басылады. Саясат, экономика, қаржы, спорт, мәдениет тақырыбындағы материалдарды оқуға болады. Газеттiң ұраны – «Басуға болатын кез-келген жаңалықты басамыз». Таралымы — 1086 293 дана.
  • -«Los Angles Times»; Лос — Анджелес қаласы мен қала сыртқы жаңалықтармен таныстырады. Таралымы — 1078 186 дана.
  • — U.S. News; ұлттық және халықаралық жаңалықтарды таратумен айналысады.
  • — «Milwoky journal»; кешкiлiк газет. 1882 жылдан бастап шығады. АҚШ — тың ең танымал газеттерi ондығына кiредi.
  • — “News day»; таралымы — 214 мың дана. 1905 жылы Манхеттен қаласында құрылып, кейiн орталығы Нью-Йорк қаласына көшiрiлдi. Америка саясаты, бизнес, экономика, мәдениетiне қатысты мақалалар басылады, сонымен қатар спортқа да ерекше көңiл бөлiнген. Таралымы — 634 627 дана.
  • -«The Shadow» – бұл — белгiлi бiр топқа арналған газет. Оқырмандар контингентi шектеулi. Атының өзi «Көлеңке» — газет бағытын көрсетiп тұрғандай.
  • — «Fortune» — АҚШ-қа қатысты әр түрлi материалдар басумен шұғылданады.
  • -«Time» – АҚШ-та беделi бар газет. Түрлi тақырыптағы материалдарды басады. Шетелде 40 басылымы бар.
  • — «Soldier of fortune» — әскери адамдарға арналған газет. Айына бiр рет шығады. Қару-жарақ туралы қызықты материалдарды, АҚШ  әскерилерiнiң жайы туралы хабар алуға болады.
  • — «People» — көпшiлiкке арналған газет. Халықаралық қатынасқа жiтi көңiл бөледi.
  • — «Forbes» — ірi бизнес және банк пен корпорациялар жөнiнде хабаршы. Негізінен экономистерге арналған журнал.
  • — «Billboard» — Музыка, музыкалық аспаптар туралы жазатын бірден-бір басылым.
  • — «SF Gate» — Сан-Франциско қаласының газетi. Саясат, экономика, спорт, мәдениет жаңалықтарын қамтиды.
  • — «Chicago tribune» — Чикаго қаласының жергiлiктi газетi . Таралымы — 657 690 дана.
  • — «Boston Herald» — Бостон қаласының ескi газеттерiнiң бiрi. Негiзгi бағыты мәдениет пен өнер жаңалықтары.
  • — «The economist» — Американдық және ағылшын авторларының саясат және экономика туралы мақалалары, сараптау мақалалары жарияланады.
  • — «Better Homes and gardens» — арнаулы газет. Интерьерлер дизайны және өсiмдiктермен шұғылданатын адамдарға арналған iрi басылым.
  • — «TV- Guide» — теледидар бағдарламаларымен таныстыруды мақсат тұтады.
  • — «Select» — көпшiлiкке арналған газет. «Таңда» деп аударылады. Кез-келген тақырыпта мақала, заметка, хабар-ошар оқуға болады.
  • — «Wall Street Journal» — Нью-Йоркта шығатын күнделiктi саяси — экономикалық газет. Таралымы — 1 752 693 дана.
  • — «S. Today» — 1982 жылдан бастап «Ганнет компани» тарапынан құрылған: көңiл көтеретiн материалдар, қызықты ойындар басым, тереңдетiлген ақпарат пен сараптауларды таба алмайсыз. Таралымы — 1 671 539 дана.
  • «Cosmopolitan» — қыз-келіншектерге арналған журнал. Сан түрлi кеңестер, көңiл-көтеру мақалалары берiледi. Бiрiншi бетiне мiндеттi түрде танымал өнер жұлдыздарының суретi басылады. Ішi-сырты түрлi — түстi.

Америкадағы әйелдерге арналған басылымдар. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *