Әке естелігі

Әке естелігі
Ұлымның ең жақсы көретін ойыншығы құрастырмақ болатын.
Бөлшектерімен әртүрлі нәрселерді құрастырғанды ұнататын. Қолым тиген кезде мен де қасына отырып бірге ойнайтынмын. Тағы қандай нәрселер
жасауға болатынын үйретуге тырысатынмын. Екеуміз бірге отырып ат, түйе, ракета, робот, т.б нәрселерді құрастыратынбыз. Бір күні осылай ойынның
қызығына беріліп отырған сәтте ұлым:
— Әке, мен сізден ең қатты нені жақсы көремін, білесіз бе? – деді. Ойламаған жерден қойылған сұраққа тосырқап қалғанымды көргенде, балам өз-өзіне сенімді түрде:
— Менімен бірге ойнаған кездеріңізді! — деген еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *