Маңдайыма жазылмапты..
Бір кісі қарияға келіп:
— менің маңдайыма намаз оқу жазылмапты, – дейді.
Сонда ақсақал әлгі адамға дәрет алатын жерді көрсетіп былай дейді:
— Жеңіңді түріп мына сумен дәрет ал. Кейін мұнда келіп екі рәкат намаз оқы. Сонда сенің маңдайыңа намаз оқу жазылатын болады.