Сені ояу деп білгеніміз үшін
Шаһардың шетінде тұратын бір кемпір, падишаһтың сарайына келіп онымен көріспек болады. Падишаһтың хұзырына шығып, үйінің белгісіз біреулермен тоналғанын айтып, осыған падишаһ кінәлі деп айып тағады. Падишаһ:
— Қызықсыз, тәтті ұйқыға батқаныңыз соншалық үйіңіздін тоналғанын да байқамапсыз. Неге бұған мен кінәлі болады екем?‖ деп еді, кемпір:
-―Падишаһ! Кешірерсіз, бірақ біздер сені ояу деп білгеніміз үшін, үйлерімізде жайбырахат ұйықтайтын едік‖ дейді. Мұндай жауапты күтпеген падишаһ ұялып, ұрланған заттардың толық құнын төлеп береді.