АҢЫЗ

АҢЫЗ — дәнді дақылдарды орып, жинап алғаннан соң қалған егіс орны. А-ды жеңіл топырақты, қысы желді, қар аз түсетін аудандарда қопсытқыш соқамен сыдыра айдап тастаған пайдалы. Сонда оған қар көп жиналады әрі топырақ жел эрозиясына ұшырамайды. А-да қалған сабақтың биікт. 30 — 40 см болса, оны көктемде жер жыртар алдында маламен таптайды не өртеп жібереді. Болмаса соқа түрені тез мұқалтуы немесе оған өсімдік зиянкестері ұя салуы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *