АҢШЫ ИТТЕР

АҢШЫ ИТТЕР — терісі мен еті үшін ауланатын жануарларды ұстауға баулынған ит тұқымдары. Оларға: тазы, иір құйрық аңшы иттер, іншіл иттер, т.б. жатады. Тазылар аңды қуып жүріп ұстайды. Олар сағатына 90 км шапшаңдықпен жүгіреді. Тазыларды қоян мен түлкіге, ұсақ тұяқтыларға, кейде қасқырға да салады. Кейде ұсақ құстарды қалың шөп, бұта арасынан үркітіп, аңшыға жәрдем береді. Итті ауланатын аң-құсқа қарай таңдап алған жөн. Оны күшік кезінен үйретіп, баулу керек. Иттің бабы, күйі, сезгіштігі жоғалмау үшін ашық алаңға, бос жерлерге серуен жасаған абзал. Ересек итті тәулігіне екі рет, ал күшікті 2 айға дейін 5 — 6 рет тамақтандыру қажет. А. и-ді таңдап алу үшін шығу тегі белгілі, шежіре куәлігі бар ит тұқымы ұсынылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *