«Ұлағатты ұстаз» байқауы

«Ұлағатты ұстаз» байқауының ережесі

Білім-ғылым саласына арналған Республикалық Ulagat.com порталы 2020 жылдың 7 қыркүйегі мен 7 қараша аралығында Қазақстан Республикасының  білім беру ұйымдарының арасында «Ұлағатты ұстаз» атты байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері: мұғалімдердің кәсіби беделін көтеру, оларды қолдау және көтермелеу; мұғалімдердің  әлеуметтік және қоғамдық беделін жоғарылату; шығармашыл педагогтарды анықтау және қолдау; инновациялық педагогикалық білім беру саласының қызметтегі іс-әрекетін таратуға ықпал ету; ел руханиятының жаңғыруына үлес қосу.

«Ұлағатты ұстаз» байқауы төмендегі талаптар бойынша өткізіледі:

– байқауға мұғалім өзі ұсыныс білдіруі  тиіс;

– өз мамандығына қатысты кез-келген жұмысын жібере алады;

«Ұлағатты ұстаз» байқауына қосымша тақырыптар:

1. Тәуелсіз Қазақстан.

2. Ұлы даланың рухани құндылықтары.(Өз өлкесі туралы жазуға рұқсат етіледі)

4. Киелі Атамекенім.

5. Тәуелсіздік тұғыры – тіл.

7.  Желтоқсан – Тәуелсіздіктің жаршысы.

8. Мәңгілік ел: бір ел – бір тағдыр.

10. Латын әліпбиі: Жаңғыру – жазудан басталады.

11. Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл.

12. Әбу Насыр Әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл.

13. Ұлт ұстазы — Ахмет Байтұрсынұлы.

14. Алғашқы ұстаз — Ыбырай Алтынсарин.

15. Хәкім Абай тағылымы.

Байқауға ұсынылған жұмыстарға қойылатын талаптар:

1) жұмыс көлемі 25-30 беттен аспауы тиіс;

2) парақ пішімі – А4, шрифт – 14;

3) титул парағында автордың толық аты-жөні, жобаның атауы, пәні, қызметі, оқу ұйымының атауы, мекенжайы мен телефоны көрсетілуі тиіс.

Байқауға ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды.

«Ұлағатты ұстаз» байқауының өтілу тәртібі мен ережесі:

Байқауға ғылыми жобалар, қмж, баяндамалар, эссе, мақалалар т.б. ұстаздың еңбегіне оң бағасын әкелген жұмыстарды  ұсынуға болады.

«Ұлағатты ұстаз» байқауының марапаттау рәсімінің ережесі:

Мектеп мұғалімдеріне және балабақша тәрбиешілеріне жеке -жеке шешім шығады.
Орындар:

ІІІ — орын ( 3 жүлдегер)
ІІ — орын (2 жүлдегер)
І — орын ( 1жүлдегер)

Балабақша тәрбиешілеріне де 6 жүлделік орындар қарастырылған.

Номинациялар:

Белсенді ұстаз;
Білікті ұстаз;
Ғылым көкжиегі;
Руханият жанашыры;
Өнерлі ұстаз;

Байқауға қатысушыларға растайтын сертификаттар беріледі.

Байқауға қатысу құжаттары электронды түрде: Ulagat.com@mail.ru почтасына жібереді.

Байқаудың өтілу мерзімі: Байқау 2020 жылдың 07 қыркүйегі мен 07 қарашасы аралығында өтеді.

Байқауға қатысу үшін құжаттарды  07 қыркүйек пен 07 қазан аралығына дейін жіберу керек.

Байқауға жіберілген жұмыстар оқырман санының көлеміне байланысты бағаланады. Яғни, ең көп оқылған жұмыстар жүлдеге ие болады.

Байқауды ұйымдастыру комитеті: Ұлағат порталы

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің жұмыстары басылымда жариялану үшін ұсынылады.

Байқауға қатысу жарнасы: 1000 тг.
Реквизит: KZ5169497151094152

Ұлағат порталының бас редакторы: Аяулым Смайлова

Байланыс: 8705 852 76 08

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *