АҢШЫ

АҢШЫ — аң аулауды кәсіп еткен адам. Оны құсбегі, бапкер деп те атайды. Қазақ аңшылыққа: “Бүркітші үстіңді бүтіндейді, қыбынды қандырады, қақпаншы қарныңды тойғызады, тұзақшы аш қалдырмайды…” деп тіршіліктің бір тұтқасы ретінде қараған. Кейде аңға көңіл көтеру үшін де шығады. Ит жүгіртіп, құс салу серілік салтанат деп саналған. Қазақ ішіндегі А-лар қолданған құралы, істеген амалына қарай былайша жіктеледі: 1) саятшы — аңға қан сонарда шығады. Қыран бүркіт, ұшқыр тазы, түзу мылтық пайдаланады. Бұзау тіс қамшы, сойыл да ұстайды; 2) мерген — садақпен, мылтықпен аң атады. Аю, қасқыр, бұғы, марал, арқар, елік, таутеке, қара-құйрық, т.б. аң алады; 3) қақпаншы — аңды қақпанмен аулайды. Түлкі, қасқыр, суыр секілді аңдардың ініне, жүретін жолына қақпан құрады; 4) моршы — түлкі, күзен секілді аңдардың ініне түтін салып, іннен шыға қашқанда ұстайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *