АНЫҚТАУЫШ

АНЫҚТАУЫШ, т і л білім і н д е — зат есім немесе заттанған басқа сөз таптарына жататын сөздерді заттық сапа, сандық мөлшер, сындық белгі, т.б. сипаттары жағынан анықтап, жайылма сөйлем жасайтын сөйлем мүшесі. А. өзі анықтайтын сөзімен тығыз синтаксистік байланыста болып, бір фразалық екпінмен айтылады. Сөйлемде пікірге қатысты анықтауыштың болмауы оның семантикалық құрылымына нұқсан келтіріп, ойды толымсыз етеді. А. мағынасына қарай: сапалық және меншікті болады. Алғашқысы анықтайтын сөзімен қабыса (сұр бұлт), соңғысы матаса (есіктің құлпы) байланысады. А. құрамына қарай дара А. (жүйрік ат), күрделі А. (бұлтсыз ашық аспан) және үйірлі А. (қаладан оқып келген жігіт) болып бөлінеді. А. сын есімнен (салқын самал), сан есімнен (төрт жылқы), есімдіктен (бұл кісі), сондай-ақ сындық мағынадағы басқа сөз таптарынан да (алтын сағат — зат есім, келген кісі — есімше, бұру жол — қимыл есімі, көп зат — үстеу) жасалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *