АНШЛЮС

АНШЛЮС (нем. anshcluss — қосып алу) — Германияның өз құрамына Австрияны күштеп қосып алуын білдіретін термин. Гитлер мен Зейсс-Инкварт басқарған австриялық ұлтшыл-социалистер Австрияны Германияның құрамына қосып алуға тыйым салатын Версаль және Сен-Жермен бейбіт келісімшарттарына (1919) қарсы дайындықтар жүргізді. 1937 ж. Гитлер Италия диктаторы Муссолинидің келісімін алып, Австрияны жедел түрде басып алу туралы шешім қабылдады. 1938 ж. 12 наурызда Германия Австрия территориясына әскер кіргізіп, А-ты жүзеге асырды. Австрия рейхтың құрамына кіретін “герман мемлекеті” деп жарияланды. Англия, Франция және АҚШ герман басқыншылығына ешқандай қарсылық білдірместен А-ты мойындап, өздерінің Венадағы дипломат. өкілдіктерін кері шақырып алды. Австрияның тәуелсіздігі 1945 ж. сәуірде, екінші дүн. жүз. соғыс барысында азат етілген соң қалпына келтіріліп, А-қа тыйым сала- тын Мемл. келісімшарт (1955) арқылы заңдастырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *