Қу түлкі
Аш түлкі тамақ іздеп келе жатып, көрді біреудің шанамен балық әкетіп бара жатқанын. Аб, міне! Жақсы болды. Мен мынаның балығын алып жейін дейді. Жүгіріп алдынан шығып, өлген болып жолда созылып жата қалады. Әлгі кісі жолда түлкінің өліп жатқанын көреді.
– Ә, құдай берді. Тымағым тозып кетіп еді, басыма бір жақсы тымақ болды деп, түлкіні алып шанаға салды. Кигізбен жауып жүріп кетті алдына қарап, атын айдап.
Түлкі ақырын ығыстырып, аяғымен балықты түсіріп жатыр. Балықты түсіріп болған соң шанадан секіріп түсті.
Келді қазақ үйіне, қатын! … мен өзіме жақсы тымақтық түлкі тауып әкелдім. Қатыны:
Қайда?
– Шанада, балықтың үстінде жатыр. Жүнін ұйпалақтамай көтеріп әкел!
Жібітіп сойып берейін, илеп өзіме тымақ қылып бер дейді. Қатыны барып кигізді көтерсе, балық та жоқ, түлкі де жоқ. Қу түлкі алдап кеткенін сонда білді.Өкінгенмен не қылсын, түкте жоқ.