Америкадағы әйелдерге арналған басылымдар

Америкадағы әйелдерге арналған басылымдар. “Космополитен”  (“Cosmopolitan”). Бұл американың ең көне журналы,  өткен ғасырдың 1886 жылы негiзi қаланған. Ол жанұялық, әйелдер журналы және әлемдiк БАҚ-тағы лидерлiк жүйеден орын алған. “Космополитен”  Херстiң ең iрi американдық корпорациясында 1895 жылы тағы жарық көрген. Журналдың негiзiн У.Р. Херстом қалаған. Америка мен Европада 1905 жылы 14 күнделiктi және 30 апталық газет, 20 журнал шығады, сондай-ақ кiтап баспа жұмысымен, радио және  теледидармен айналысады.

“Космополитен” —  әлемдегi 80-ге жуық елде 33 баспа табақ болып  21 тiлде шығады, оның  әлемдегi оқырман аудиториясы — 27 млн. қыз-келіншектер.

2004 жылы “Космополитен”  журналының орыс тiлiнде жарық көргенiне он жыл толды,  “Cosmo» — бұл табыс деген сөзден шыққан болатын. Таралымы 450 мың дана, оның оқырман аудиториясы 2 миллионға жуық, әрбiр нөмiрiн қалдырмай, күнiне  шамамен 4-5 млн. адам оқиды. Бiздiң елде ол “Ең бiрiншi басылым” компаниясы “Ендепендет медиа”  (endependent media), осы журналды және басқа да журналдарды Херст корпорациясы шығарады. “Ендепендет медиа” – голландық компания 1992 жылы Ресейде құрылған.   “Ендепендет медиа” – Ресейлiк нарықтағы газеттер мен журналдар басылымы. Ағылшын тiлiндегi журналдар “Москоу таймс”  (“The Moscow Times”),  “Санкт-Петербург таймс” (“The St.Peterburg times”), орыс тiлiнде  “Капитал” және тағы да ағылшын тiлiнде “Раша ревью” (“Russia revieue”) журналы басылып шықты. Херст компаниясы 1998 жылдың соңында 17 басылым шығарды.   “Космополитен”  компаниядағы ең бiрiншi әйелдер журналы болып қала бередi. “Пилотный” журналы 1994 жылдың сәуiр айында — “Харперс базар” (70 мың дана) және төртiншi 1997 жылы наурыз айында “Мари Киер” ( 50 мың дана)  болып жарық көрдi.

“Космополитен”  журналының бiрiншi ресейлiк нөмiрi 1994 жылы 60 мың дана, 130 бетпен жарыққа шықты.

 Бұл журнал қазiргi жас әйелдерге арналған, сән, әдемiлiк, денсаулық және  тағы басқалары жайында жазады. Бiрақ  “Cosmo-ның” басты тақырыбы – әлем әйелдерiнiң сезiмi, оның жұбайына деген сүйiспеншiлiгi, достары және ұжымы, балалары ата-аналары жайында көбiрек жазады.

 Бiрiншi нөмiрi үш бөлiмнен тұрған: “Сен және әдемiлiк”(тоғыз мақала). Келесi нөмiрiне тағыда екеуi қосылды: “Өмiр” және “Жұлдыз”. Сондай-ақ журналдың айдарлары: “Бiзбен бiрге”, “Жүрек соғысы” (оқырмандардың хаттарына психолог жауап бередi), “Денсаулық”, “Үйдегi спорт зал”, “Ақша”, “Оның көзқарасы”, “Тамара Глобаның жұлдызнамасы”, “Саяхат”, “Сiз бұны қайдан сатып алдыңыз?” (дүкеннiң мекен-жайы, қайда аяқ киiм сатылады, киiм және аксессуар)  осының барлығы журнал беттерiнде жарияланады. Барлық айдарлар ағылшын әйелдер журналы        “Космополитеннен”  алынған. Журналдың  көпшiлiгi аударылған метериалдар. Бiрiншi нөмiрiнде 45-бет болды, сондай-ақ  “Cosmo” тегiн таратылады, бұл жарнама негiзiнде батыстық фирмада басылып, “Эскада” (Киiм жарнамасы), “Христиан Диор” (Иiс су және косметика), “Синержи” (Косметика) “Карты” (Сағат).  Осы жарнамалар көптеп берiледi, сондықтан   “Cosmo”  қолдан-қолға таралып отырады. Оны барлық әйелдер  оқиды.  Ресейде       “Космолитен”  бiрiншi “Глянцевый журнал”  (“glossy magarine”) – сәндi, иллюстративтiк бай журнал болып шықты. Ол американдық марканы қолданып, әлемде өзiнiң экономикалық көрсеткiшiмен танылды. “Космолитен”  әйел-аналарға арналған басылым, өте қарапайым, түсiнiктi және сапалы. Кейбiр үлкен жастағы әйелдер “Космоны” оқып, өзiнiң түсiнiктерiн толықтырады деген түсiнiк те жоқ емес. Белгiлi журналдың таралымы — 1997 жылы 350 мың данаға дейiн көтерiлдi деп жазды И.И. Засурский өзiнiң диссертациясында “Cosmopolitan” ағылшын журналы 1994 жылы мамыр айында 320 бет және қосымша     арнайы бетпен шығарылды, бағасы 2,5 доллар құрады.

 “Космополитен” журналында жарнама көптеп берiледi. Мұнда жарнама мамандары, астрологтар, психологтар  және сексологтар, танысу хаттары, әйелдер үшiн әртүрлi сенiм телефондары қызмет атқарады.  

“Космополитен” ағылшын әйелдер журналы барлық басылымдар iшiнде бiрiншi орын алады. Пайда болғаннан бастап “Cosmopolitan” (“Космополитен”) журналының таралымы көп болған. Бұл журнал супермаркет және басқа дүкендер арқылы сатылады. Негiзгi сату орындары: дөңгіршіктер мен басқа сауда нүктелерi.

ХХI ғасырдың алғашқы жылдарында АҚШ-та күнделiктi газеттердi сату-сатып алу тұрғысында аса iрi мәмiлелер бекiтумен айшықталады. Осының нәтижесiнде елдiң жетекшi газет компаниялары тiзiмiне көп өзгерiс енiп, ол қайтадан жасалынды. Мәселен, Томсон өзiнiң иелiгiндегi барлық 49 газеттi сатып жiбердi. Ол сондай-ақ Канададағы өзiне тиесiлi газеттерден де (“Глоб энд мейлдан” өзгесiнен) құтылды. Ендi бұл баспа тобы бар күш-қаржысын электрондық бизнеске бағыттамақ. Оның 22 газетiн “Ганнет компани” сатып алды. Өзге қожайындардан тағы да бiрнеше газет сатып алған бұл компания бұрындары да өзiнiң күнделiктi басылымдарының ортақ таралымы жөнiнен лидер саналатын. Ендi ол күнделiктi газеттер саны бойынша да бiрiншi орынға шығып отыр – барлығы 99 күнделiктi газеттердiң ортақ таралымы 6,7 млн. данаға жеттi. Томсонның 17 күнделiктi газетiн АҚШ-тың баспасөз нарығында 1995 жылдан бастап жұмыс iстеп келе жатқан “Коммьюнити ньюспейперс холлдингс ИНК” сатып алды. Бұл компания Алабама штатындағы Бирменгемде орналасқан. Иелiгiнде 96 күнделiктi газет, осының сыртында тағы 200 ұсақ газеттер бар. Ол ендi АҚШ-тағы жетекшi газет компаниялары тiзiмiнде Томсонның орнын басты.

“Нью-Йорк Таймс Компани” жетi ұсақ газеттi, төрт күнделiктi және үш күнделiктi емес басылымдарды сатып жiбердi. Бұл басылымдар Флорида, Калифорния, Луизиана штаттарында таралады. Ендi бұл компания иелiгiнде тек iрi газеттерден (“Нью-Йорк таймс” пен “Бостон Глоб”-тан) өзге 14 жергiлiктi iрi басылымдар  ғана қалды. Наурыз айында “Трибюн компаниге” “Таймс Миррор Компанидiң” қосылатындығы хабарланды. Бұл бағасы жөнiнен (18 млрд. долл) АҚШ-тағы, тiптi газет индустриясында “жыл мәмiлесi” деген атқа лайық. Осының нәтижесiнде, он бiр күнделiктi аса iрi газеттерден (“Лос-Анджелес Таймс”, “Чикаго Трибюн”, “Балтимор Сан”, “Ньюсдей”) тұратын мегакорпорация құрылды. Күнделiктi газеттерiнiң ортақ таралымы жөнiнен (3,5 млн.) Ол ендi “Танкет компани” мен “Наит-Гиддерден” кейiнгi үшiншi орынға шығып отыр.

Бiздi Америка газет индустриясының жарнамадан түскен түсiмінiң өсiмi қызықтырары сөзсiз. Барлық БАҚ түрлерi iшiнде жарнамалық табыс жөнiнен газет саласы бiрiншi орынды иеленедi. 1999 жылы АҚШ газеттерi жарнамадан рекордтық табыс тапты – 46.3 млрд. доллар (1998 жылмен салыстырғанда өсiм 5.4 %). Ал 2002 жылғы табыс алдын ала мамандар болжамы бойынша, 59 млрд. долларға жеткен.

Газет iсiнiң сарапшылары күтпеген жаңа тенденция – күнделiктi газеттерiнiң таралымының құлдырауы тоқтап, жыл басында шамалы өсiм байқалған. Америка газет ассоциациясының мәлiметтерiне сәйкес бұл өсiм 0,2 %-ы құраған (ал 1999 жылдан берi олардың ортақ таралымы 0,5 %-ке құлдыраған болатын), яғни бұл 113 мың данаға көбейдi деген сөз. Сөйтiп, АҚШ-тағы күнделiктi баспасөздiң жалпы таралымы қайтадан 59 млн. данадан асқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *